• Мое избранное
Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 25.12.2012 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 481 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 25.12.2012 № 1670 Қаулысымен (30.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.12.2011 № 1587 (23.09.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен
 Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі)
Редакция 30.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы " 2001 жылғы 13 маусымдағы және "Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.12.2011 № 1587 (23.09.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі)
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Туристік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1213 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 853 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 445-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 964 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 500-құжат).
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы»11 маусымдағы
 N 481 қаулысымен
 бекітілген
Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.12.2011 № 1587 Қаулысымен (23.09.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 11 маусымдағы
 N 481 қаулысымен
 бекітілген
Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары
#$Есекрту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2011 № 1587 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі)
  • 1
1. Жалпы ережелер
1. Осы туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - талаптар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және өтініш берушінің туроператорлық қызметпен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығын айқындайды.
  • 1
2. Туроператорлық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
2. Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары
3. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптар:
1) қалыптастырылған туристік өнімнің;
2) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғалармен (екі және одан астам) шарттардың;
3) туристік ваучер (жолдамалар) үлгісінің;
4) кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар туристік білімі бар кемінде бір қызметкердің;
5) кеңсеге арналған меншік немесе жалға алынған үй-жайдың;
6) туроператор туристік өнімге кіретін тұру, жол жүру жөніндегі қызметті, туризм нұсқаушысының қызметін дербес көрсеткен жағдайда, меншік немесе жалға алынған материалдық базасының;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес келетін туристік қызмет көрсетуге арналған шарт жобасының;
8) туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуын қамтиды.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 23 қыркүйектегі
 N 879 қаулысына
 қосымша
Қызметкерлердің саны және болуы туралы құжат 
_______________________________ 
 (өтініш берушінің атауы) 
  
 
Р/с N Тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігініңнөмірі және берілген күні Лауазымы Жұмыс өтілі, оның ішінде туризм саласында Нотариалды куәландырылған құжатты растайтын көшірменің қосымшасы бар білімі туралы дипломы, куәлігі және басқа да құжаттары бойынша білігі (мамандығы) Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы
1 2 3 4 5 6
        М.О.                           Басшының қолы