1. Қоса берiлiп отырған:
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
Осы редакция 16.05.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат етілсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006 № 134 қаулысымен. (17.11.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетi құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
5. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт iстерi комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесi бекiтiлсiн.
6. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт iстерi комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi таратылсын.
8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шектерде оның құзыретіне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң негiзгі мiндетi мәдениет, ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық, ұлтаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мұрағат iсi мен құжаттама, кiтап шығару, полиграфия, дене шынықтыру және спорт салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Ақпарат және мұрағат комитеті, Спорт iстерi комитетi, Тіл комитетi.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2005. № 103 қаулысымен. (28.01.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Epeжeгe сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Қазынашылық комитеті органдарында шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берілсе, Министрлiктiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" мемлекеттік мекемесi.
5. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
6. Министрлiктiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
7. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберіледi.
9. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.
2. Министрлiктiң функциялары және құқықтары
10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:
мәдениет, тарихи-мәдени мұра, ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық, ұлтаралық келiсiм, тіл саясаты, мұрағат iсi және құжаттама, кiтап шығару, полиграфия, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу;
өз құзыретi шегiндегi мәселелер, кино және бейнешығармалардың тiзілiмiн жасау жөнiндегi мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының Министрлiктің құзыретіне жататын салалардағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау, нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу және дайындау (немесе қабылдау);
тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |