• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 17.11.2009 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006 № 405 қаулысымен. (29.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 Қаулысы
1. Қоса берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006 № 405 қаулысымен. (29.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.11.2007. № 1148 Қаулысымен) (03.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетi құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006 № 405 қаулысымен. (29.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қоса берiлiп отырған: 
1) алып тасталды 
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.11.2007. № 1148 Қаулысымен) (03.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) алып тасталды 
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесi бекiтiлсiн.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006 № 405 қаулысымен. (29.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.11.2007. № 1148 Қаулысымен) (03.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi таратылсын.
8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгі осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006 № 405 қаулысымен. (29.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 29 қазандағы
 N 1130 қаулысымен
 бекiтiлген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.11.2007. № 1148 Қаулысымен. (03.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, ақпарат, ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, тілдерді дамыту, мұрағат ісі мен құжаттама, мемлекеттік рәміздер салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитеті, Ақпарат және мұрағат комитеті, Тіл комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Министрліктің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 
010000, Астана қаласы, "Министрліктер үйі" ғимараты.
9. Министрліктің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, ақпарат, тіл саясаты, мұрағат ісі мен құжат жасау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, ақпарат, тіл саясаты, мұрағат ісі мен құжат жасау саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 
3) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.
14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, ақпарат, тіл саясаты, мұрағат ісі мен құжат жасау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру; 
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, ақпарат, тіл саясаты, мұрағат ісі мен құжат жасау саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеу; 
3) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асыру және үйлестіру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу; 
4) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;