1. Қоса берiлiп отырған:
Отправить по почте
Осы редакция 12.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 Қаулысы
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006 № 405, 31.03.2010 № 252 Қаулыларымен. (29.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006 № 405, 31.03.2010 № 252 Қаулыларымен. (29.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.11.2007 № 1148 Қаулысымен (03.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетi құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006 № 405 Қ аулысымен. (29.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қоса берiлiп отырған:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 16.05.2006 № 405 Қаулысымен. (29.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.11.2007 № 1148 Қаулысымен (03.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 16.05.2006 № 405 Қаулысымен. (29.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
4) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.03.2010 № 252 Қаулыcымен тармақшамен толықтыру көзделген ҚР Үкіметінің 30.06.2010 № 675 Қаулысымен (17.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(жариялануға жатпайды 5-тармаққа өзгерту енгізілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006 № 405, 31.03.2010 № 252 Қаулыларымен.
6. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.11.2007 № 1148 Қаулысымен (03.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi таратылсын.
8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгі осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006 № 405, 31.03.2010 № 252 Қаулыларымен. (29.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысымен бекiтiлген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.11.2007 № 1148 Қаулысымен. (03.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі туралы ереже
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2010 № 252 Қаулыcымен. (17.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) мемлекеттiк реттеудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, iшкi саяси тұрақтылық, этносаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мемлекеттiк рәмiздер салаларында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитетi, Тiл комитетi.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 01.08.2011 № 888 Қаулыcымен. (29.04.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Министрліктің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Министрліктің заңды мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2010 № 252 Қаулыcымен. (17.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Министрліктің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2010 № 252 Қаулыcымен. (17.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
3) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2010 № 252, 01.08.2011 № 888 Қаулыларымен. (17.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеу;
3) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асыру және үйлестіру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;
4) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;