Toggle Dropdown
24
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 04.05.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi туралы ереже;
Toggle Dropdown
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Toggle Dropdown
5. Қоса берiлiп отырған:
Toggle Dropdown
1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi таратылсын.
Toggle Dropdown
8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
Toggle Dropdown
10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi туралы ереже
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) мәдениет, iшкi саяси тұрақтылық, этносаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мемлекеттiк рәмiздер, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнің Мәдениет және өнер істері комитетi;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнің Тiл комитетi.
Toggle Dropdown
3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Министрлiк мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
Toggle Dropdown
5. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Toggle Dropdown
6. Министрлік егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
7. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қөзделген басқа да актілермен ресімделетін шешiмдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
8. Министрлiктiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
9. Министрлiктiң орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 15-кiреберiс.
Toggle Dropdown
10. Министрлiктiң толық атауы: «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.
Toggle Dropdown
11. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
12. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
13. Министрлiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Министрлiкке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Toggle Dropdown
2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
14. Министрлiктiң миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қолжетiмдi қызметтер қөрсетуге, мемлекеттiк және басқа тiлдердiң қарқынды дамуына, ел бiрлiгiнiң нығаюына, мемлекет пен азаматтық сектор әрiптестiгiнiң тиiмдi жүйесiн қолдауға бағытталған мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және тиiмдi iске асыру.
Toggle Dropdown
15. Мiндеттерi:
Toggle Dropdown
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Toggle Dropdown
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты және мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
3) Министрлiкке жүктелген өзге де мiндеттер.
Toggle Dropdown
16. Функциялары:
Toggle Dropdown
1) орталық аппараттың функциялары:
Toggle Dropdown
мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау;