Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қордың меншігінде тұрған акционерлік қоғамдарға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге) қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен:
қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативтерін;
әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаң нормаларын;
қызметтік іссапарларға жіберілетін тиісті акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызметкерлеріне шығыстарды өтеу тәртібі мен шарттарын;
қызметкерлерге ұялы байланысты пайдалану құқығын беру кезінде тиісті акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаражаты есебінен өтелетін шығыстардың лимиттерін;
тиісті акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдік іссапарларын Қормен келісу міндеттілігін;
өкілдік шығыстардың лимиттерін белгілеу ұсынылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 108, 123-69 және 123-92-жолдар алынып тасталсын.
2. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
Кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 6, 7 және 10-жолдар алынып тасталсын.
3. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
3-тармақтың 16) тармақшасының екінші абзацында "13) және 15)" деген сандар "13), 15), 16-1) және 16-2)" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"16-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары білімді ұлттық басқарушы холдингте құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан төмен емес лауазымдарда жүмыс істейтіндер;
16-2) ұлттық басқарушы холдингте директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) мүшелері ретінде жұмысқа тартылғандар".
4. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 17, 190-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесінде:
1-тармақ "ұлттық холдинг" деген сөздерден кейін "немесе ұлттық басқарушы холдинг" деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2002 ж., N 32, 341-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
5 және 10-тармақтар алынып тасталсын.
6. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 7, 73-құжат):
1-тармақтың бірінші абзацында:
"Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" деген сөздер "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және "Қазына" орнықты даму қоры" деген сөздер алынып тасталсын.
7. "Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 568-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасы "Даму институттарын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті" деген сөздермен толықтырылсын;
Даму институттарын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) инвестициялық бағдарламаларын әзірлеу ережесінде:
тақырыбы "Даму институттарын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта "даму институттарын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті" деген сөздермен толықтырылсын.
8. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 362 қаулысында:
1-тармақ алынып тасталсын.
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысында:
1-тармақтың 1), 2) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы ережесінде: