Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 293 Қаулысы
Toggle Dropdown
Білім беру кредиттеріне кепілдік беру жүйесінің орнықты және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«3-1) ақшалай нысанда орындалуды көздейтін білім беру кредиттері бойынша кепілдіктер беруді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы өзінің жарғылық капиталының 5 пайызы мөлшеріндегі резервтік капиталын толық қалыптастырғанға дейін 2010 жылдың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.».
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов