• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 853 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " 2004 жылғы 20 желтоқсандағы және " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 27-1-жолмен толықтырылсын: 
"27-1 Облыстық (республикалық  турагенттік туроператорлық         маңызы бар қаланың,      қызметтi және туризм         астананың) атқарушы      нұсқаушысының қызметтерiн         органдар                 жүзеге асыру";
2) "Туристік қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1213  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Туристік қызметтi лицензиялау ережесiнде:
"уәкiлетті органның - лицензиардың" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың - лицензиардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы ", экскурсиялық" деген сөз алынып тасталсын;