Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 қазандағы N 1540 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 367 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 16 қазандағы N 1540 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.06.2002 жылғы № 675 Қаулысымен (16.10.2000 ж. редакцияны қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.07.2006 жылғы № 674 Қаулысымен (19.06.2002 ж. редакцияны қараңыз)
3. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссиясының құрамынан Бауыржан Әлiмұлы Мұхамеджанов шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегі Мемлекеттiк комиссиясының құрамы туралы Ережеде:
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөнiндегi қаулыларының жобаларын (бұдан әрi - жобалар) Комиссияның жұмыс органы әзiрлейдi және экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi мәселелерi жөнiндегi кiшi комиссияның мүшелерiне (бұдан әрi - бiрiншi кiшi комиссия) жiберiледi. Бiрiншi кiшi комиссияның мүшелерi жобаны алғаннан кейiн екi күн iшiнде Комиссияның жұмыс органына келiсiм-хаттар (ескертпелерi бар келiсiм-хаттар, не келiсiмнен дәлелдi бас тарту) жiбередi.
Келiсiмнiң мерзімі өткеннен кейін Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне тиiстi жобаны енгiзедi, бұл ретте жобаларда бiрiншi кiшi комиссия мүшелерiнiң немесе мемлекеттiк органдар басшыларының қолы болуы талап етiлмейдi.
Жобаға мiндеттi түрде мыналар қоса берiледi:
түсiндiрме жазба;
келiсiм-хаттар (ескертпелерi бар келiсiмдер, не болмаса келiсiмнен дәлелдi бас тарту).
Ескертпелерi бар келiсiм-хаттар (дәлелдi бас тарту) болған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы жобаға қоса берiлетiн келiспеушiлiк хаттамасын жасайды.
Бiрiншi кiшi комиссия мүшесiнен келiсiм-хат болмаған жағдайда, мұның себептерi iлеспе хатта көрсетiледi.
16. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөнiндегi қаулыларын Yкiмет қажет болған жағдайда, олар бiрiншi кiшi комиссия мәжiлiстерiнде қаралғаннан кейiн қабылдай алады.".
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.12.2014 жылғы № 1272 Қаулысымен (14.07.2006 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2014 жылдан бастап)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |