• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбiр мәселелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 қаңтар N 62
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiн (Салық кодексi) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесi;  
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым ставкалары;  
3) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi бекiтiлсiн.  
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдасын.  
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өту және тиiстi рұқсат құжаттарын беру тәртiбi туралы ақпаратты мүдделi шетел мемлекеттерi өкілдiктерiнiң назарына жеткiзсiн. 
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын. 
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінің
 2002 жылғы 19 қаңтардағы
 N 62 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк
 құралдарының жүрiп өту және рұқсат құжаттарын беру
 ережесi
1) Қазақстан Республикасының аумағынан жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының шығуын;  
2) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының кiруiн (шығуын);  
3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн қамтитын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртiбiн реттейдi.  
2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттарымен, осы Ереженiң қағидаларымен анықталады және халықаралық автомобиль тасымалдарын мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.  
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Ережеде белгiленгеннен өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады. 
3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және қалалары мен елді мекендерінің көшелері бойынша мынадай автокөлік құралдарының: 
жүк автомобильдерінің (рұқсат етілген жалпы салмағы тіркемені қоса алғанда, 6 тоннадан астам немесе рұқсат етілген пайдалы жүктеме тіркемені қоса алғанда, 3,5 тоннадан астам); 
мамандандырылған автомобильдердің (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған); 
арнайы автомобильдердің (әр түрлі, басым көпшілігі көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған) жүріп өту тәртібін белгілейді. 
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 24.12.2003
№ 1306 қаулысымен. (19.01.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Шетелдiк азаматтардың (жүргiзушiлер және жүктердi алып жүретiн немесе жолаушылар ретiнде жол жүрушi тұлғалар) Қазақстан Республикасына келуi және онда болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан шығуы Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттарымен және Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету ережесiмен регламенттеледi. 
5. Шетелдiк автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына келген кездегі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүру бағытын және осы автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу мерзiмiн көлiк саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуге рұқсат құжаттарын беру тәртiбi
6. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының кiруi (шығуы) рұқсат құжатының - жол жүруге рұқсаттың негiзiнде жүргiзіледi.  
7. Егер шетелдiк автокөлiк құралы тiркелген мемлекетпен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында рұқсатсыз жүйе қолданылатын болса, осы шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуi шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде көліктік бақылау бекеттерінде берілетін тiркеу талонының негiзiнде жүзеге асырылады.  
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2003. № 1306 қаулысымен. (19.01.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша үшiншi мемлекеттің аумағында орналасқан жөнелту пунктiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жеткiзу пунктiне дейiн немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы жөнелту пунктiнен үшiншi мемлекеттiң аумағындағы жеткiзу пунктіне дейiн жолаушыларды және (немесе) жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағынан (на) үшiншi елдерге (ден) тасымалдауды орындауға рұқсат беру - рұқсат құжатының негізiнде рұқсат етiледi. 
9. Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы уәкілеттi органы шетелдiк мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен осы Ереженiң 6 және 8-тармақтарында көрсетiлген рұқсат құжаттарының бланкiлерiмен тепе-тең алмасуды жүргiзуi мүмкiн. 
10. Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруге рұқсат сұраған жағдайда, көлiк саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомасын төлегеннен кейiн осы рұқсатты бередi.  
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2003. № 1306 қаулысымен. (19.01.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта келе жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағында жол-жөнекей жүк тиеген кезде, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға құқықты куәландыру үшiн көлiк саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген ставкалар бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомасын төлегеннен кейiн беретiн, жол жүруге қосымша рұқсаттың болуы қажет. 
12. Рұқсат құжаттарының бланкiлерi қатаң есептегi бланкiлер болып табылады.  
Рұқсат құжаттарының бланкiлерін дайындау есепке алу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
12-1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 
12-2. Халықаралық автомобиль тасымалдары кезiнде рұқсат жүйесiн орындаудың тәртiбi мен шарттарын автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлетті орган белгiлейдi.  
12-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.12.2003. № 1306 қаулысымен
 12-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.01.2005. № 39 қаулысымен.
13. Рұқсат құжаттарын алу тасымалдаушыларды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралдары мен жүктерге кедендік құжаттарды кейiннен ресiмдеу мiндетiнен босатпайды.  
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2003. № 1306 қаулысымен. (19.01.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдiк автокөлiк құралдарының жүріп өту тәртiбi
14. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің арасында жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi халықаралық автомобиль тасымалдары халықаралық автомобильдiк өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылады.  
15. Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қажет рұқсат және басқа да құжаттар автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiнде болуы және уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының талабы бойынша ұсынылуы тиiс. 
16. Шетелдiк автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункттің арасында жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға жол берiлмейдi.  
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызуды және (немесе) түсiрудi жүргiзуге тыйым салынады. 
17. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетiнiң тiркеу және айыру белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануы тиiс.  
Бұл ретте тiркемелер мен жартылай тiркемелерде басқа мемлекеттiң тiркеу және айыру белгiлерi болуы мүмкiн. 
4. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу және оларға шетелдiк рұқсаттарды беру тәртiбi
18. Отандық автокөлiк құралдары осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес рұқсат құжаттары бланкiлерiмен алмасу жүргiзiлген шетел мемлекеттерiне шыққан кезде, тасымалдаушы бұрын берiлген тапсырыстар негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомасын төлегеннен кейiн көлiк саласындағы уәкiлеттi орган беретiн тиiстi шетелдiк рұқсат құжаттарын ала алады.