• Мое избранное
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтар N 62 қаулысы

Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1345 Қаулысына сәйкес (20.01.2005 ж. редакцияны қараңыз) (01.01.2009 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 626 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүріге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.03.2015 жылғы № 342 Бұйрығын қараңыз
Редакция 06.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған: 
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1345 Қаулысымен (20.01.2005 ж. редакцияны қараңыз) (01.01.2009 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1345 Қаулысымен (20.01.2005 ж. редакцияны қараңыз) (01.01.2009 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi бекiтiлсiн. 
кіріспе және 1 тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008 № 1345 Қаулысымен; (20.01.2005 жылғы редакцияны қараңыз)(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдасын. 
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 № 1345 Қаулысымен (20.01.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінің
 2002 жылғы 19 қаңтардағы
 N 62 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесi
Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1345 Қаулысымен (20.01.2005 ж. редакцияны қараңыз) (01.01.2009 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2002 жылғы 19 қаңтардағы
N 62 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуi үшін алынатын алым ставкалары
Ставкалар алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1345 Қаулысымен (20.01.2005 ж. редакцияны қараңыз) (01.01.2009 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2002 жылғы 19 қаңтардағы
N 62 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi
1. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдерi
1. Автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік өлшемдері мен басқа да сызықтық мөлшерлері төменде келтірілген мәндерден (метрмен) аспауы тиіс:
1) рұқсат етілген ұзындығы:
жүк автомобилі                                           12        

тіркеме                                                  12        

екі білікті автобустар                                   13,5        

екі біліктен артық біліктері бар автобустар              15        

буындастырылған автобус                                  18        

буындастырылған автокөлік құралы                         24        

автопоездар                                              24;
2) рұқсат етілген ені:
барлық автокөлік құралдары                               2,55;
автокөлік құралдарының изотермиялық қораптары            2,6;
3) рұқсат етілген биіктігі:
барлық автокөлік құралдары                               4,0.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.11.2012 № 1406 (19.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бөлiмнiң 1-тармағында көрсетiлген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген мөлшерлерi өзiне контейнерлердi қоса алғанда, алынатын қораптардың және жүктерге арналған ыдыстардың өлшемдерiн қамтиды. 
3. Қозғалыс кезінде автокөлiк құралы, сыртқы радиусы 12,5 метрмен және iшкi радиусы 5,3 метрмен шектелген кеңiстiк шегiнде бұрылу мүмкіндiгiн қамтамасыз етуi тиiс. 
4. Тiркеу құрылғысы iлмегiнің бiлiгi мен бiрiктiрiлген автокөлiк құралының артқы жағы арасындағы рұқсат етiлген ара   қашықтық 12 метрден аспауы тиiс. 
5. Сүйрегiштiң артқы жағы мен тiркеменің алдыңғы жағы арасындағы ара қашықтықты шегергенде, қораптың немесе кабинаның сыртындағы жүктi орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесiнен тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiне дейін, автопоездың бойлық бiлiгiне қатар өлшенген, рұқсат етiлген ара қашықтық 17 метрден аспауы тиiс. 
6. Қораптың немесе кабинаның сыртындағы жүктi орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен жартылай тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiне дейiн автопоездың бойлық білiгiне қатар өлшенген, рұқсат етiлген ара қашықтық 16,4 метрден аспауы тиiс.        7. Автокөлiк құралының қорабында орнатылған жүк автомобильдің немесе тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiнен тысқары 2 метрден артық шықпауы тиiс. 
8. Жүк автомобилiнiң артқы бiлiгi мен тiркеменiң алдыңғы білiгi арасындағы ара қашықтық 3 метрден кем болмауы тиiс. 
9. Жартылай тiркеменiң топсалы бекiтпесiнiң бiлiгi мен жартылай тiркеменiң алдыңғы жағының кез келген нүктесi арасындағы көлденең өлшенген ара қашықтық 2,04 метрден аспауы тиiс. 
10. Автокөлiк құралының ұзындығын өлшеген кезде, автокөлiк құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерiлмейдi: 
әйнектердi тазартуға арналған құрылғылар мен кiрқалқандар; 
алдыңғы бетiндегi және бүйiрiндегi таңбалаушы тiлiмшелер; 
пломбылау үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар; 
брезенттi бекiту үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар; 
электр жарығына арналған жабдықтар; 
артқы шолу айналары мен автомобильдiң артын шолу үшiн құралдар; 
ауаарна түтiкшелерi; 
тiркемелермен және алынғыш қораптармен бiрiктiру үшін клапандар мен алмалы-салмалы құрылғылардың ұзындықтары; 
қорапқа мiну үшiн сатылар, қосалқы автомобиль дөңгелекқабы үшiн көтергiш; 
жұмыс жағдайында 200 миллиметрден аспайтын және жасап шығарушы орнатқан автомобильдiң шектi жүк тиеу салмағын ұлғайтпайтындай етіп орындалған көтергiш платформалар, мiну үшiн сатылар және өзге де ұқсас жабдықтар. 
11. Автокөлiк құралының биiктiгiн өлшеген кезде автокөлiк құралында орнатылған: 
антенналар; 
көтерiлген қалыптағы пантограф ескерiлмеуi тиiс. 
Осьті көтеруге арналған құрылғысы бар автокөлiк құралдары үшiн осы құрылғының ықпал етуiнiң әсерi ескерiлуi тиiс. 
12. Автокөлiк құралының енiн өлшеген кезде автокөлiк құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерiлмейдi: 
пломбылар, мөрлер үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар; 
брезенттi бекiту үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар; 
автомобиль дөңгелекқабының зақымдалуын анықтау үшiн құрылғылар; 
кірқалқандардың шығып тұрған бөлiктерi; 
жарықтандыру жабдықтары; 
жұмыс жағдайында көлiк құралының әрбiр жағынан 10 миллиметрден артық шықпайтын, сатылардың алға немесе артқа қараған бұрыштары 5 миллиметрден аспайтын, ал олардың жиектерi - 2,5 миллиметрден аспайтын дөңгелену радиусы бар сатылар, аспалы платформалар мен өзге де ұқсас жабдықтар; 
артты шолу айналары; 
шиналардағы қысымды өлшеу индикаторлары; 
көлiктiк қалыпта кiргiзiлетiн немесе жиналатын сатылар немесе баспалдақтар; 
автомобиль дөңгелекқабының жолдың бетiмен түйiсу нүктесiнен шығып тұрған қисық бөлiгi.
2. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген салмақтары
13. Автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақтары төменде келтірілген мәннен (тоннамен) аспауы тиіс:
1) жеке автокөлік құралдары:
екі білікті                                              18        

үш білікті                                               25        

төрт білікті                                             32        

бес білікті                                              38        

алты және одан да көп білікті                            44        

әуе немесе оған балама аспасы бар автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмағы бір тоннаға ұлғаяды;
2) құрамдастырылған автокөлік құралының бөлігін құрайтын автокөлік құралдары:
екі білікті тіркеме                                      18        

үш білікті тіркеме                                       24        

төрт білікті тіркеме                                     32;
3) құрамдастырылған автокөлік құралдары:
ершікті автопоездар:
екі білікті жартылай тіркемесі бар екі білікті тартқыш    36        

үш білікті жартылай тіркемесі бар екі білікті тартқыш     38        

екі білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш     38        

үш білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш      38        

төрт білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш    44        

төрт білікті жартылай тіркемесі бар төрт білікті тартқыш  48;
4) автобустар:
екі білікті                                               18        

үш білікті                                                24        

топсамен буындастырылған үш білікті                       28        

топсамен буындастырылған төрт білікті                     28.
3. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген бiлiкке түсетiн жүктемелерi
14. Автокөлік құралдарының рұқсат етілген біліктік жүктемелері төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:
1) дара білік үшін (жақын орналасқан біліктердің арасындағы арақашықтық 2,0 метрден асқан кезде)                            10;
2) бір қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған біліктері үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктер арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін                                 12,0
1 метрден 1,3 метрге дейін                                 14,0
1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               16,0
1,8 метрден 2 метрге дейін                17,5-ден аспауы тиіс;
3) қос қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған біліктері үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін                                 14,0
1 метрден 1,3 метрге дейін                                 16,0
1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               16,5
1,8 метрден 2 метрге дейін                18,0-ден аспауы тиіс;
4) бір қатарлы немесе қос қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған бір көтеру (ленивтік) білігі үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін                                 11,5
1 метрден 1,3 метрге дейін                                 13,5
1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               15,5
1,8 метрден 2 метрге дейін                17,5-ден аспауы тиіс;
5) бір қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған үштік білігі үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін                                 16,5
1 метрден 1,3 метрге дейін                                 19,5
1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               22,5
1,8 метрден 2 метрге дейін                24,5-ден аспауы тиіс;
6) қос қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған үштік білігі үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін                                 17,5
1 метрден 1,3 метрге дейін                                 21,0
1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               24,0
1,8 метрден 2 метрге дейін                26,5-ден аспауы тиіс;
7) бір қатарлы доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен асатын жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, сондай-ақ сабақтас тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктік салмағының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін                                 5
1 метрден 1,3 метрге дейін                                 6,10
1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               7
1,8 метрден 2 метрге дейін                                 7,5        болғанда, әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс;
8) қос қатарлы доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен асатын жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, сондай-ақ сабақтас тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктік салмағының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін                                 5,5
1 метрден 1,3 метрге дейін                                 6,5
1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               7,5
1,8 метрден 2 метрге дейін                                 8        болғанда, әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс.
14-1. Осы автокөлік құралының ең жақын білігіне дейін 2,0 метрден асатын арақашықтықта орналасқан білік автокөлік құралының дара білігі деп есептеледі.
3-бөлім 14-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 06.11.2012 № 1406 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
15. Автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралдарының жетекшi бiлiгiне немесе жетекшi бiлiктерiне берiлетiн салмақ автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралының жиынтық салмағының 25%-нан кем болмауы тиiс. 
16. Салмақтық жүктемелер уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша жол төсемiнiң алып жүру қабiлетi төмен учаскелерiнде ауа райы-климаттық жағдайларға байланысты азайтылуы мүмкiн. 
17. Автокөлiк құралдарының салмақтық және көлемдiк өлшемдерiн   анықтаған кезде өлшегiш жабдықтардың белгiленген қателiктерiн ескередi. 
Бұл ретте қателік тасымалдаушының пайдасына шешiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2002 жылғы 19 қаңтардағы
N 62 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 14, 169-құжат). 
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердің 38-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алымдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1397 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуiн реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 643  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 219-құжат) 2-тармағының 1) және 3) тармақшалары. 
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 26 шілдедегi N 1125 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 379-құжат) 1-тармағы. 
6. "Қалжат" өткiзу пунктi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 1897 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 612-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы. 
7. "Қапланбек" өткiзу бекетiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 21 мамырдағы N 669 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 234-құжат) 1-тармағы.