• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 31.12.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 1306 қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесінде: 
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және қалалары мен елді мекендерінің көшелері бойынша мынадай автокөлік құралдарының: 
автобустардың; 
жүк автомобильдерінің (рұқсат етілген жалпы салмағы тіркемені қоса алғанда, 6 тоннадан астам немесе рұқсат етілген пайдалы жүктеме тіркемені қоса алғанда, 3,5 тоннадан астам); 
мамандандырылған автомобильдердің (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған); 
арнайы автомобильдердің (әр түрлі, басым көпшілігі көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған) жүріп өту тәртібін белгілейді."; 
7-тармақ "аумағына кіруін" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде көліктік бақылау бекеттерінде берілетін" деген сөздермен толықтырылсын; 
10-тармақ "Шетелдік тасымалдаушы" деген сөздердің алдынан "Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын; 
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын: 
"12-1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді."; 
13-тармақта "беру" деген сөз "алу" деген сөзбен ауыстырылсын;