1. Қоса беріліп отырған:
Отправить по почте
Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі N 845 қаулысы
Автомобильдердiң және басқа да көлік құралдарының үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ету, жалпы пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын салу және күтіп ұстау үшiн берiлген жерлердi жол органдарының ұтымды пайдалануы мақсатында және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы " 1994 жылғы 21 қыркүйектегi, " Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы " 1996 жылғы 15 шiлдедегi, " Жер туралы " 2001 жылғы 24 қаңтардағы, " Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.01.2003. № 30 қаулысымен. (01.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған:
Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібі;
Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерлерін пайдаланудың тәртібі;
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сервис объектiлерi мен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру тәртiбi.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 1 шілдедегі № 711, 16.01.2003. № 30, 30.01.2007. № 71, 31 (01.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).12.2008. № 1312 Қаулыларымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану Ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 сәуірдегі N 316 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 13, 160-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі N 845 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың ТӘРТІБІ
1. Жалпы ережелер
1.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.01.2003. № 30 қаулысымен. (01.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы Тәртіп жол қозғалысының қауіпсіздігін, жол мен құрылыстардың, сондай-ақ қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары пайдаланудың тәртібін белгілейді. Тәртіп барлық министрліктер мен ведомстволарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдарға, сондай-ақ барлық автомобиль жолдары бойынша қозғалысқа қатысушыларға және жолдарды пайдаланатын, автомобиль жолының жолақ бөлігінде және бақыланатын аймағында құрылыс салу, жөндеу, жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін азаматтарға қолданылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.01.2003. № 30 қаулысымен. (01.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Тәртіп жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдаланушылардың, жол органдарының және автомобиль жолдарын басқарушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.01.2003. № 30 қаулысымен. (01.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүру - қолданылып жүрген заңдар, Жол қозғалысының ережесі және осы тәртіп сақтала отырып жүзеге асырылуы тиіс.
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
5. Жол қозғалысына қатысушылардың:
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен осы Тәртіпке сәйкес жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша еркін, кедергісіз жүруге;
жол органдары мен жол полициясы органдарының лауазымды тұлғаларынан жолдар бойынша қозғалыстың тоқтатылуының немесе шектелуінің себептері туралы түсіндірме алуға;
жүру шарттары, көрсетілетін қызметтер туралы, жол органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға;
жол-көлік оқиғасы жағдайында оқиға болған жерде де, медициналық мекемеге бара жатқан жолда да ақысыз кепілдікті медициналық көмек көлемін, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде жол органдарынан, жол полициясы органдарынан және қызметі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты лауазымды тұлғалардан басқа да қажетті дәрігерге дейінгі көмек алуға;
жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көлік құралы және (немесе) жүк зақымданған жағдайларда заңдарда белгіленген тәртіппен залалдың өтелуіне;
жол органдары лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
6. Автомобиль жолдарында жол мен құрылыстарының сақталуын және олармен қауіпсіз жүруді қамтамасыз ететін көлік құралдарының жүруіне рұқсат етіледі.
7. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың іс-әрекеттері жол қозғалысының қауіпсіздігін төмендетпеуі, қозғалыста үзілістердің пайда болуына ықпал етпеуі, көлік құралдары жылдамдығының, жол мен жол құрылыстарының сенімділігінің төмендеуіне, олардың бұзылуына әкеп соқтырмауы тиіс.
8. Автомобиль жолдарындағы және жол құрылыстарындағы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды байқаған көлік құралдарын жүргізушілер мен азаматтар ақауларды өз күштерімен жою жөнінде өздеріне байланысты шаралар қолдануы немесе ол туралы жақын жердегі жол органына немесе жол полициясы органына хабарлауы тиіс.
9. Көлік құралдарының төсемі жетілдірілген жолға шығар жерде көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды немесе басқа тұлғалар, меншік нысандарына қарамастан жер және құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымдар, көлік құралдарының балшықтан тазартылуын қамтамасыз етуге және оның жолдың жүру бөлігіне түсуіне жол бермеуге міндетті.
10. Аумақтары автомобиль жолдарына шекаралас, сондай-ақ аумақтары жол бойындағы жолақтың шегінен өтетін жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылар:
жалпы пайдаланылатын жолдарға баратын және оларға кірме жолдарды, сондай-ақ оларға тиесілі жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын техникалық жарамды күйде ұстауға;
жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының ағашпен көлеңкеленуіне, үй немесе басқа да құрылыспен қалқалануына жол бермеуге;
көлік құралдарының жолдарына, жайластырылмаған түсер және шығар жолдардың пайда болуына жол бермеуге;
жолға іргелес орналасқан қоршаулар мен құрылыстарды дұрыс және эстетикалық күйінде ұстауға;
көруді қиындататын және қозғалыстың қауіпсіздігін нашарлататын конструкциялардың, тастардың және басқа да материалдардың жинақталуына жол бермеуге;
үй жануарлары мен құстардың жолға шығу мүмкіндігін болдырмау шараларын қолдануға міндетті.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.01.2003. № 30 қаулысымен. (01.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Жолдарда жұмыс жүргізуге автомобиль жолдарын басқарушы берген және жол полициясының органдарымен келісілген жұмыс жүргізу құқығына рұқсат (ордері) болған кезде ғана жол беріледі.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.01.2003. № 30 қаулысымен. (01.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Автомобиль жолдарын пайдаланушыларға арналған міндетті келісулер
12. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар:
1) жол органдарымен және Жол полициясы бөлімшелерімен:
ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне;
жарылғыш, радиоактивті және күшті әсер ететін улы заттарды тасымалдауға;
автомобиль жолдарын арналардың, байланыс және электр беру желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының, темір жолдардың және басқа да инженерлік желілер мен коммуникациялардың кесіп өтуіне;
автомобиль жолдарымен бір деңгейде қиылысатын кезде темір жолдардың көтерілуіне және төмендетілуіне немесе қосымша жол төсеуге;
темір жолдарды қиып өтетін жерлерді жасауға, қайта жаңартуға, жөндеуге және жоюға;
автомобиль жолдарының жолақ бөлігі мен жол бойындағы жолағына дүңгіршектерді, павильондарды немесе басқа да құрылыстарды орналастыруға;
автомобиль жолдарының жолақ бөлігіне жол ақпаратына қатысы жоқ транспаранттарды, маңдайшаларды, жарнамаларды, плакаттарды орнатуға;
автомобиль жолдарының жолақ бөлігі мен жол бойындағы жолағына сыртқы жарық түсіру тіреулерін орнатуға;
жолдарда бұқаралық және спорттық шаралар жүргізуге;
жалпы пайдаланылатын жолаушы көлік құралдары қозғалысының маршруттарын ашуға және аялдама пункттерін орналастыруға;
жүктерді тиеу және түсіру үшін жолдан түсу орындары мен алаңдар жасауға;
автомобиль жолдарында көлік құралдары мен жүргіншілердің жүруіне кедергі жасайтын кез келген жұмыстарды жүргізуге;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |