• Мое избранное
"Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөніндегі ұйымдық-құқықтық шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының күші жойылған деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөнiндегi ұйымдық-құқықтық шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының күшi жойылған деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1995 жылғы 3 қазан N 2476

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығының шығуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың: 
"Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" 1992 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 390-құжат; 1993 ж., N 8, 178-құжат); 
"Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1992 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 391-құжат); 
"Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөнiндегi ұйымдық-құқықтық шаралар туралы" 1994 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң N 1658 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., 177-құжат) 5-тармағының бiрiншi абзацынан басқасының күшi жойылған деп танылсын. 
2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
          Президентi