• Мое избранное
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 тамыз N 1092

Тақырыптағы және мәтiндегі "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету" сөздер "Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 11.06.2003. № 569 қаулысымен. (14.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы 29.07.2023 жылдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.07.2023 жылғы № 588 Қаулысына сәйкес
Редакция 06.06.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қаржы лизингі туралы"  Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегi Заңын және Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 191-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:  
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.06.2003. № 569 қаулысымен. (14.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесі бекітілсін.  
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2001 жылғы 21 тамыздағы
 N 1092 қаулысымен
 бекітілген
Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден       режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесі  
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.03.2002. № 280, 14.08.2002. № 895, тақырып өзгертілді - 11.06.2003. № 569, Тізбе жаңа редакцияда - 12.02.2004. № 170, 06.06.2005. № 564 қаулыларымен (21.08.2001 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимi                қолданылатын лизинг заттарының тізбесi 
____________________________________________________________________ 
   ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН  |           Тауардың атауы 
  бойынша тауардың | 
        коды       | 
 ____________________________________________________________________ 
         1         |                     2 
 ____________________________________________________________________ 
8402 11 000        Бу қазандықтары немесе басқа да бу өндiретiн 
            қазандықтар: сағатына 45 тоннадан астам бу 
            өндiретiн су құбырлы қазандықтар;
8402 20 000        Буды қатты қыздырғышы бар қазандықтар
8404               8402 немесе 8403 тауар позициясының 
            қазандықтарымен пайдалануға арналған қосалқы 
            жабдық (мысалы, экономайзерлер, буды қатты 
            қыздырғыштар, күйе кетiргіштер, газ 
            рекуператорлары); бу мен су немесе басқа да 
            күштi бу қондырғыларына арналған конденсаторлар
8405               Тазартқыш қондырғылары бар немесе оларсыз газ 
            генераторлары немесе су газы генераторлары; 
            тазартқыш қондырғылары бар немесе оларсыз 
            ацетилендi газ генераторлары және ұқсас газ 
            генераторлары
8406               Су буындағы турбиналар және өзге де бу 
 (8406 81 900 0,    турбиналары 
8406 82 900 0, 
8406 90 900 
0-ден басқа)
8414 10 300 0      Роторлы поршеньдi сорғылар, жылжымалы қалақтары 
            бар роторлы сорғылар, молекулярлы (вакуумды) 
            сорғылар және Рутс үлгiсiндегi сорғылар
8414 40 100 0      Өнiмділігі минутына 2 текше м./мин. аспайтын, 
            буксирге алатын доңғалақты шассидегі әуе 
            компрессорлары
8414 80 490 0      Артық жұмыс қысымы 15 бардан астам, өнiмдiлiгi 
            сағатына 120 текше м. астам қайтарымды-үдемелi 
            тетігi бар көлемдi компрессорлар
8414 80 600 0      Роторлы көлемдi компрессорлар, 
            бір бiлiктi; 
8414 80 710 0      Роторлы көлемдi компрессорлар, көп бiлiктi, 
            винттi