Toggle Dropdown
Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 Қаулысы
Toggle Dropdown
Осы редакция 05.05.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркiн және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісiз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келiсiмдi орындау үшін, Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 263, 264, 266, 269, 270, 273, 275, 290 және 317-баптарына, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 278-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған:
Toggle Dropdown
1) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың қолданылуын айқындау өлшемдерi;
Toggle Dropdown
2) кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғаларға өздерiнiң Қазақстан Республикасында уақытша болуы мерзiмiне уақытша әкелуге рұқсат етiлетiн және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерiнiң шетелдiк мемлекетте уақытша болуы мерзiмiне уақытша әкетуге рұқсат етiлетiн тауарлардың тiзбесi;
Toggle Dropdown
3) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртiппен әкелетін тауарларға жиынтық кедендік төлем;
Toggle Dropdown
4) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оларға қатысты жеңiлдетiлген тәртiп көзделмеген тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзуiнiң салмақтық және құндық нормалары;
Toggle Dropdown
5) жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзуiнiң шарттары мен нормалары;
Toggle Dropdown
6) жеке тұлғалардың акциздер салынбайтын акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттауының нормалары;
Toggle Dropdown
7) тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiмен өткiзудiң шарттары мен нормалары бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 9 наурыздағы
N 217 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың қолданылуын
айқындау өлшемдерi
Toggle Dropdown
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлар, егер:
Toggle Dropdown
1) мұндай тауарлар болып мыналар табылса:
Toggle Dropdown
өткiзу жиiлігі жылына бiр реттен аспайтын мотокөлiктер мен жеңiл автомобильдерден басқа көлiк құралдары мен олардың бөлшектерi, оның iшiнде жол полициясы органдарында есепке алуға жататындар;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кеден аумағына осы қаулымен көзделген нормалардан артық әкелiнген акцизделетiн тауарлар;
Toggle Dropdown
кәсiби жабдық (өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн еңбек құралдары ретiнде пайдаланылатын жабдық);
Toggle Dropdown
станоктар;
Toggle Dropdown
шала өнiмдер;
Toggle Dropdown
ауыл шаруашылығы техникасы;
Toggle Dropdown
құрылыс материалдары;
Toggle Dropdown
жинақтаушы бұйымдар;
Toggle Dropdown
2) олардың саны мынадай көрсеткiштерден acca:
Toggle Dropdown
киiм - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат (тұтынуда болғандарды қоспағанда);
Toggle Dropdown
бас киiмдер - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі 2 (екi) зат (тұтынуда болғандарды қоспағанда);
Toggle Dropdown
аяқ киiм - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегі және үлгiдегi 2 (екi) зат (тұтынуда болғандарды қоспағанда);
Toggle Dropdown
тамақ өнiмдерi - бiр адамға 10 (он) килограмм;
Toggle Dropdown
туалет керек-жарақтары мен парфюмериялық-косметикалық бұйымдар - бiр адамға бір атаудағы 3 (үш) зат (тұтынуда болғандарды қоспағанда);
Toggle Dropdown
жиhаз - бiр адамға 1 (бiр) жиынтық немесе гарнитур;*
Toggle Dropdown
асүйлiк тұрмыстық ыдыс-аяқ пен аспаптар - бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық немесе сервиз;*
Toggle Dropdown
төсек-орын керек-жарақтары - бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық;*
Toggle Dropdown
фото, аудио, бейне, ұйымдастыру техникасы, тұрмыстық техника және электр аспаптары - бiр адамға әр атаудағы 1 (бiр) зат;*
Toggle Dropdown
зергерлiк бұйымдар - бiр адамға 6 (алты) зат;
Toggle Dropdown
музыка аспаптары - бiр адамға 1 (бiр) зат;
Toggle Dropdown
спорттық мүкәммал - бiр адамға 1 (бiр) зат;
Toggle Dropdown
дәрілiк заттар - бiр адамға 500 грамм;
Toggle Dropdown
баспа басылымдары, бейне, аудиокассеталар, шағын дискілер, фотопленкалар - бiр адамға әр атаудағы 10 (он) дана;*
Toggle Dropdown
велосипедтер - бiр адамға 2 (екi) дана;
Toggle Dropdown
балалар ойыншықтары - бiр адамға 2 (екi) жиынтық пен модель;*
Toggle Dropdown
балалар арбалары - бiр адамға 1 дана;
Toggle Dropdown
үй шаруашылығында немесе тұрмыста пайдаланылатын жоғарыда аталмаған басқа да заттар - бiр адамға әрбiр атаудағы 2 (екi) зат;
Toggle Dropdown
3) оларды өткiзу жиiлiгi айына 1 (бip) реттен асатын болса өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.
Toggle Dropdown
жиынтық - бұл қандай да бiр заттардың толық жинағы, құрамы. Тауардың құрамы (жиынтықтылығы) "Құрамы" немесе "Жиынтықтылығы" деген атауы бар тiзбе түрiнде тұтынушыға арналған ақпаратта (этикеткалар, заттаңбалар, жапсырма қағаздар, паспорт, формуляр, қолдану жөніндегi басшылық) көрсетiлуi тиiс.
Toggle Dropdown
* Көрсеткiштер Қазақстан Республикасына/нан тұрақты тұруға қоныс аударатын жеке тұлғалар оларды өткiзген кезде тұтынуда болған тауарларға қатысты қолданылмайды.