Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1092 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 7 наурыз N 280.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 387-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесінде:
мына: "8802 11 100, Жаңа азаматтық тікұшақтар мен ұшақтар" 8802 12 100, 8802 20 100, 8802 30 100, 8802 40 100 деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "8802 11 100-ден, Азаматтық тікұшақтар мен ұшақтар: 8802 12 100-ден, шығарылған күнінен 15 жылдан 8802 20 100-ден, көп емес пайдалануда болған ТМД елдерінің өнімі; 8802 30 100-ден, шығарылған күнінен бастап 10 жылдан 8802 40 100-ден көп емес пайдалануда болған ТМД-ға кірмейтін елдердің өнімі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.