• Мое избранное
Акционерлік қоғамдар туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 131

Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңы

Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «аффилиирленген», «аффилиирленгені», «аффилиирлену» деген сөздер тиісінше «үлестес», «үлестестігі», «үлестестік» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 27.12.2019 № 290-VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін; оның лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
  • 2
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (13.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап өзгерді ҚР 19.02.2007 жылғы № 230 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгерді ҚР 23.10.2008 жылғы № 72-IV Заңымен (05.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) айқын басым көпшілік – кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік;
2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлік қоғамның шығарылым проспектісімен айқындалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне ауыстыруға жататын бағалы қағазы; 
3) акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға; 
3-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (13.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
4) акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз; 
4-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (13.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
4-1) акцияларды бөлшектеу – акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының санын ұлғайту;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) акциялардың бақылау пакеті - акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті; 
6) акцияның номиналдық құны - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) айқындалатын бірыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейді); 
  • 1
7) үлестес тұлғалар - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге, оның ішінде жасалған мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Қоғамның үлестес тұлғаларының тізбесі осы Заңның 64-бабында белгіленеді; 
8) дауыс беретін акциялар - орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы берілген артықшылықты акциялар. Дауыс беретін акциялар санына қоғам сатып алған акциялар, сондай-ақ, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі акциялар кірмейді;
8-тармақша өзгертілді ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңымен (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) дивиденд - акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі; 
9-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (13.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
10) жарияланған акциялар - шығарылымын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган тіркеген акциялар;
11-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (13.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
11) корпоративтік интернет-ресурс – қоғамға тиесілі интернет-ресурс;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
12) корпоративтік хатшы - қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын акционерлік қоғамның қызметкері, оны қоғамның директорлар кеңесі тағайындайды және ол қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауға және өткізуге бақылау жасайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдар әзірлеуді қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды. Корпоративтік хатшының құзыреті және қызметі қоғамның ішкі құжаттарында айқындалады;
12-тармақша өзгертілді ҚР 19.02.2007 жылғы № 230 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
12-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2011 жылғы № 524-IV Заңымен (25.03.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
12-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-1-тармақша алынып тасталды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) кумулятивтік дауыс беру - дауыс беруге қатысушы әрбір акцияға қоғам органы сайланатын мүшелерінің санына тең дауыс саны келетін дауыс беру тәсілі; 
13-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (13.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
14) қоғамды корпоративтік басқару кодексі - қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілетін, қоғамды басқару процесінде туындайтын қатынастарды, оның ішінде қоғамның акционерлері мен органдары арасындағы, қоғам органдары, қоғам және мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтін құжат; 
14-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (13.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
14-1) қор биржасының өкілдік тізімі – бағалы қағаздар және қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сай келетін олардың эмитенттерінің тізімі;
1-бап 14-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
16) лауазымды адам - акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, оның атқарушы органының мүшесі немесе акционерлік қоғамның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға; 
16-тармақша алынып тасталды ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (13.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
17) миноритарлық акционер - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он процентінен азы тиесілі акционер; 
18) орналастыру бағасы - акцияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында орналастыру кезінде айқындалатын акция бағасы; 
18-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (13.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
19) орналастырылған акциялар - акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың бастапқы нарығында құрылтайшылар мен инвесторлар құнын төлеген акциялары; 
19-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (13.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
  • 6
20) тәуелсіз директор – осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда), осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын; осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғам ұйымдарының – үлестес тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныстылығы жоқ және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағынысты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционер өкілі болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған; осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарға сай келетін директорлар кеңесінің мүшесі;
20-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2011 жылғы № 524-IV Заңымен (25.03.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (27.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21) төлем агенті - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым; 
22) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
22-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23) ірі акционер - бір-бірімен жасалған келісім негізінде әрекет ететін, өзіне (жинақтап алғанда өздеріне) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп проценті тиесілі акционер немесе бірнеше акционер.
  • 2
2-бап. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына   негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
2-1. Осы Заңның ережелері Ұлттық әл-ауқат қорына және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және егер «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ол бақылайтын өзге де заңды тұлғаларға қолданылады.
2-бап 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР 01.02.2012 жылғы № 551-ІV Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
  • 7
3-бап. Акционерлік қоғам
1. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады. 
Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының міндеттемелерін қоспағанда, қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауаптылықта болады.
1-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
2. Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қатысты, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі субсидиарлық жауаптылықта болады.
2-тармақ екінші бөлікпен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
3. Қазақстан Республикасының заңдарында   көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
  • 1
4. Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы.
5. Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін.
6. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлік қоғам" ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін "АҚ" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі.
4-бап. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
  • 3
4-1-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-1-бап өзгертілді ҚР 19.02.2007 жылғы № 230 Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4-1-бап өзгертілді ҚР 28.12.2011 жылғы № 524-IV Заңымен (25.03.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4-1-бап өзгертілді ҚР 12.01.2012 жылғы № 538-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4-1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-V Заңымен (01.02.2012ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4-1-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
4-1-бап алынып тасталды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 4
2-тарау. Қоғамды құру
  • 2
5-бап. Қоғамның құрылтайшылары
5-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-V Заңымен (12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)