Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 362 Қаулысы
Редакция 28.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік кәсіпорын туралы " Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес, байланыс саласындағы және ақпараттандыру, ақпарат салаларындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні телекоммуникация саласындағы қызмет, оның ішінде мыналар бойынша:
1) радиожиілік спектрі және радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін, радиоэлектрондық құралдар мен радиожиіліктер тағайындаудың тізілімін (деректер базасын) сүйемелдеу, сондай-ақ және азаматтық мақсаттағы жоғары жиілік құрылғыларды радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында біріктірілген ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеуге қатысу;
3) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 сәуірдегі
N 362 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысында:
2-1-тармақтың 2) тармақшасында:
"үйлесімділігін қамтамасыз ету" деген сөздер "үйлесімділігін есептеуді жүргізу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"электрмагниттік үйлесімділікті есептеуді жүргізуді қоса алғанда," деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электрмагниттік үйлесімділігіне есептеу жүргізу жөнінде қызметтер көрсету;".
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 сәуірдегі
N 362 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 22 шілдедегі
N 724 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)