• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 06.12.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрiне үш вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (29.12.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темiр жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.
5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Қоса берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
3) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
4) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
5) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары -  мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 
6) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi; 
7) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
8) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі бекітілсін. 
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2005. № 1305 қаулысымен (11.10.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Мыналарға: 
1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына; 
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Қатынас жолдары комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; 
3) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; 
4) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн. 
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (29.12.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 24 қарашадағы
 N 1232 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) көлiк және коммуникация саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және iске асыру мәселелерi жөнiндегi басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi көлiк және коммуникация саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, сондай-ақ экономика мен қоғамның көлiктiк және коммуникациялық қызметтерге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн тиiмдi және технологиялық жағынан жаңартылған көлiк-коммуникация кешенiн құру болып табылады. 
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi, Қатынас жолдары комитетi, Азаматтық авиация комитетi, Көлiктiк бақылау комитетi. 
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады. 
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
4. Министрлік өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен министрдің бұйрығымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды. 
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
6. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi. 
7. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47. 
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 
9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 
Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктiң негiзгi функциялары және құқықтары
10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады: