1. Қоса берiліп отырған:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды - 06.12.2007 № 1193 Қаулысымен (21.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темiр жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.
5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Қоса берiлiп отырған:
1) - 4) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды - 06.12.2007 № 1193 Қаулысымен (21.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
5) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
6) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
7) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
8) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі бекітілсін.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2005 № 1305, 06 (11.10.2005 жылғы редакцияны қараңыз)(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).12.2007 № 1193 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды - 06.12.2007 № 1193 Қаулысымен (21.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ереже
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.12.2007 № 1193 (21.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) көлік, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Көлік және қатынас жолдары комитеті, Көліктік бақылау комитеті, Байланыс және ақпараттандыру комитеті, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 11.03.2012 № 314 Қаулысымен. (28.02.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің заңды мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.05.2010 № 414 Қаулысымен. (28.08.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Министрліктің оның қызметі аясындағы негізгі міндеттері:
1) көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) көлік және коммуникация саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) көлік және оның өміршеңдік циклінің үдерістерін адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) көлік және коммуникация, байланыс, ақпараттандыру саласында және "электрондық үкімет" қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
5) байланыс саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, байланыс саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
6) ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу мен іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;
7) почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, почта операторларының қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |