• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1819 қаулысы

Редакция 19.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
  • 1
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 1819 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қайта аталатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ақмолажолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ақмолажолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ақтөбежолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ақтөбежолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Алматыжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Алматыжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Атыраужолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Атыраужолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Батысжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Батысжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жамбылжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жамбылжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Шығысжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Шығысжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қарағандыжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қарағандыжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қызылордажолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қызылордажолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
10. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қостанайжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қостанайжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
11. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Маңғыстаужолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Маңғыстаужолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
12. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Павлодаржолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Павлодаржолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
13. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Солтүстікжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Солтүстікжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
14. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Оңтүстікжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Оңтүстікжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 1819 қаулысына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 24 қарашадағы
 № 1232 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитеті;
5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті;
6) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
10. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің миссиясы көлік-коммуникация кешенін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мақсатында көлік және коммуникация, байланыс және ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастыру және жүргізу болып табылады.
15. Министрліктің міндеттері: