• Мое избранное
"Павлодар әуежайы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Павлодар әуежайы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн коммуналдық меншiктен республикалық меншiкке қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 782 Қаулысы

Редакция 19.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес және мемлекеттiк меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Павлодар әуежайы" акционерлiк қоғамының коммуналдық меншiктегi, жарияланған акцияларының жалпы санының 100 пайызы мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакетi заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiкке қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi: 
1) Павлодар облысының әкiмдiгiмен бiрлесiп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын; 
2) "Павлодар әуежайы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi коммуналдық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Павлодар облысы" деген бөлiмде: 
реттiк нөмiрi 967-4-жол алынып тасталсын;
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Павлодар облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 265-10-жолмен толықтырылсын: 
"265-10 "Павлодар әуежайы" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
көрсетiлген қаулыға қосымшада: 
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 160-19-жолмен толықтырылсын: 
"160-19 "Павлодар әуежайы" АҚ";
  • 1
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (18.08.2006 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі