Toggle Dropdown
Осы редакция 28.08.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
"Қорқыт Ата әуежайы" мен "Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы N 1121 Қаулысы
Toggle Dropdown
"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. "Қорқыт Ата әуежайы" мен "Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамдарының коммуналдық меншіктегі, жарияланған акцияларының жалпы санының 100 пайызы мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеті заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
Toggle Dropdown
1) Қызылорда, Қостанай облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
Toggle Dropdown
2) "Қорқыт Ата әуежайы" мен "Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне берсін.
Toggle Dropdown
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 қарашадағы
N 1121 қаулысымен
бекітілген