• Мое избранное
Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 1299 Қаулысы

Редакция 19.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Астана халықаралық әуежайы" акционерлiк қоғамы акцияларының 100 (бiр жүз) пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi республикалық меншiктен Астана қаласының коммуналдық меншiгіне берiлсiн.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтыру мен өзгерiстер бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Астана қаласының әкiмiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 28 желтоқсандағы
 N 1299 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтыру мен өзгерiстер
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
1) Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi коммуналдық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Астана" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 107-6-жолмен толықтырылсын: 
"107-6 "Астана халықаралық әуежайы" АҚ"; 
2) Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Астана" деген бөлiмдегі реттiк нөмiрi 21-30-жол алынып тасталсын.
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 46, 582-құжат): 
көрсетiлген қаулыға қосымшада: 
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 160-14-жол алынып тасталсын.
  • 1
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (28.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)
4. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 24 қазандағы N 1020  қаулысында:  
көрсетiлген қаулыға қосымшада: 
реттiк нөмiрлерi 8 және 16-жолдар алынып тасталсын.