• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 23.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы № 231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 10, 122-құжат); 
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 982 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 414-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 18 наурыздағы
 № 218 қаулысымен
 бекітілген
Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес әзірленді және салалық бағдарламаларды әзірлеу мен мониторингілеу тәртібін айқындайды.
2. Салалық бағдарлама — салалық мәні бар маңызды міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланысты ұйымдық, норма шығару, экономикалық, әлеуметтік, қаржылық және басқа да шаралар кешенін айқындайтын құжат.
3. Салалық бағдарламаларды орталық атқарушы органдар (бұдан әрі  - мемлекеттік органдар) белгілі бір саланы (секторды) дамыту, салалық мәні бар маңызды міндеттерді шешу, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес сектор ұйымдарының іс-қимылдарын ведомствоаралық үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуы үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге әзірлейді.
4. Салалық бағдарламалар, егер оларда жазылған проблемаларды қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының шеңберінде шешуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда ғана әзірленеді.
5. Салалық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Іске асыру мерзімі бойынша салалық бағдарламалар:
орта мерзімді (бір жылдан 5 жылға дейін);
ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) болып бөлінеді.
7. Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторинг жүргізу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Салалық бағдарламаларға қойылатын негізгі талаптар
8. Салалық бағдарлама мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
мемлекеттік органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, стратегиялық жоспарларын іске асыруға бағдарлану;
игілікті пайдаланушылардың нысаналы тобының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлану;
мемлекеттік органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында, стратегиялық жоспарларында қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін мерзімдері, ресурстары мен орындаушылары бойынша келісілген мақсаттардың, міндеттердің, нысаналы индикаторлар мен шаралардың жүйесін қамту;
шаралардың атаулылығын, оларды іске асыру мерзімдері мен дәйектіліктері нақты айқындалғанын, орындаушылардың бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізу қызметі қатаң бағдарланғанын қамтамасыз ету;
қаржы, еңбек және техникалық ресурстар мен оларды қамтамасыз ету көздері теңгерімділігін қамтамасыз ету.
9. Мыналарға:
мемлекеттік органдардың ішкі ведомстволық мәселелерін шешуге бағытталған;
мемлекеттік органдардың қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, стратегиялық жоспарларының және салалық бағдарламалардың, сондай-ақ осы бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттерін қайталайтын салалық бағдарламаларды әзірлеуге жол берілмейді.
3. Салалық бағдарламаның құрылымы
10. Салалық бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
паспорты (негізгі параметрлері);
кіріспе;
ағымдағы жағдайды талдау;
бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері;
бағдарламаны іске асыру кезеңдері;
қажетті ресурстар;
бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
11. «Паспорты» бөлімінде мыналарды қамтитын салалық бағдарламаның негізгі параметрлері баяндалады:
атауы;
әзірлеу үшін негіздеме;
салалық бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органның нұсқауы;
мақсаттары;
міндеттері;
іске асыру мерзімдері (кезеңдері);
нысаналы индикаторлары;
қаржыландыру көздері мен көлемі.