1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Отправить по почте
Осы редакция 01.02.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, iшкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, біржолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N№29, 255-құжат):
1) тақырыбындағы, 1-тармақтағы "Мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, біржолғы жәрдемақыларын тағайындау мен оны төлеудің ережесінде және көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
тақырыбындағы және мәтініндегі "Мемлекеттік" деген сөздер алынып тасталсын;
мәтініндегі "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі aгенттігі төрағасының", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 327-құжат):
1) 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесінде:
мәтіндегі "МӨҚ", "МӨҚ-ке", "МӨҚ-та" деген аббревиатуралар тиісінше "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органдарына" және "өртке қарсы қызмет органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
5-тармақтың бірінші абзацындағы "МӨҚ" деген аббревиатура "өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын өртке қарсы қызмет органы және оның аумақтық органдары (бұдан әpi - өртке қарсы қызмет органдары)" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың екінші абзацы "жұмыс жағдайына" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ үйді жылытуға арналған тұрмыстық пештерге" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген жағдайларда адамдардың қаза болу, жарақаттану фактілері мемлекеттік есепке алуға жатпайды және жазатайым оқиғалар, қасақана өлтіру (өзін-өзі өлтіруге) не қасақана өлтіруге (өзін-өзі өлтіруге) әрекет жасау деп саналады";
17-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады.
3. "Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1271 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 43, 394-құжат):
1-тармақтағы "мемлекеттік өртке қарсы қызметпен" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:";
6-тармақтағы "Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 399-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
мәтініндегі "мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерінің" деген сөздер«"өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 35, 462-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережесінде:
6-тармақтың 3) тармақшасындағы "мемлекеттік өртке қарсы" деген сөздер "өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы "мемлекеттік өртке қарсы қадағалау" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бірыңғай нысанында:
"мемлекеттік өрт қадағалау органдары" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндіру әрі сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 763 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 237-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндіру әрі сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарында:
"Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдар (бұдан әрі - жарылғыш материалдар) жасауға қойылатын біліктілік талаптары" деген 1-бөлімнің 6) тармақшасындағы және "Жарылғыш заттарды өндіруге әрі сатуға қойылатын біліктілік талаптары" деген 2-бөлімнің 8) тармақшасындағы "Мемлекеттік" деген сөздер алынып тасталсын.
7. "Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі
N 776 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 237-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаулысымен(8-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 (ресми жарияланған күннен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс).)
9. "Өрт сөндіру жөніндегі жауынгерлік ic-қимылдарды орындауға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен өрт сөндіруге тартылған күштер үшін ұйымдардың аумақтарында өрт сөндіру кезінде қажетті күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнімдерін және демалыс орындарын ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 шілдедегі N 801 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 247-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Өрт сөндіру жөніндегі жауынгерлік ic-қимылдарды орындауға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен өрт сөндіруге тартылған күштер үшін ұйымдардың аумақтарында өрт сөндіруге кезінде қажетті күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнімдерін және демалыс орындарын ұсыну ережесінде:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |