• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 12.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы N 243 Қаулысы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған: 
1) Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндіру әрі сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 763 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 233-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитетін тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 211-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат).
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 12 наурыздағы
 N 243 қаулысымен
 бекітілген
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Лицензияның болуы жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеумен, өндірумен, сатып алумен және өткізумен байланысты қызметпен айналысу үшін талап етіледі. 
Қызметтің осы түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды: 
1) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу; 
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру; 
3) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу. 
3. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі лицензия қызметтің көлемі бойынша ерекшеленеді: 
1) бас - қолданылу мерзімі шектеусіз берілетін; 
2) бір жолғы - 5 жылдан аспайтын мерзімге берілетін.
4. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
5. Лицензия иеліктен алынбайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
2. Лицензиялар беру тәртібі
6. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия (бұдан әрі - лицензия) белгіленген біліктілік талаптарына жауап беретін жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеумен, өндірумен, сатып алумен және өткізумен айналысқысы келетін тұлғаға беріледі.
7. Лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
8. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
9. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі аталған органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
10. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен өтініш берілген күннен бастап - отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
11. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмесе. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;
3) лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартылады.
12. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартылған жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.