Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Осы редакция 09.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 1) тармақшасының жетінші, отыз төртінші, отыз бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының төртінші абзацын, 2, 3, 4, 5, 6, 7 -тармақтарын, 8-тармағының 1-тармақшасының төртінші абзацын, 9, 10 -тармақтарын, 11-тармағының үшінші, он үшінші абзацтарын, 12, 13 -тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
6-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қаруды сақтау мен пайдалануға жауапты адам, сондай-ақ қаруды алуға рұқсаты бар адамдар, оның ішінде күзет қызметкерлері туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері), денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды, қаруды қауіпсіз ұстаудың ережелерін білетіндігін тексеру туралы және сотталмағандығы туралы анықтамалар көрсетілетін ұйым басшысының өтініші негіз болып табылады.»;
12-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, қарауыл күзетінде» деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақтағы «ойықты атыс» деген сөздер «атыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
22-тармақта:
бірінші бөліктегі «3,», «4-1 (құпия),», «4-2 (құпия), », «4-3 (құпия),», «7,», «8,», «10-2, 10-3 (құпия), 10-4» деген сандар мен сөздер алынып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұйым басшыларының өтініштеріне қажетті құжаттар (адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері көрсетілген тізімдер) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды, күзетші ретінде жұмыс істеу үшін дайындықтан өткендігін растайтын куәлік және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттар;»;
24-тармақтың төртінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;»;
71-тармақ алынып тасталсын;
76-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«76. Азаматтық атыс қаруын, газды тапаншалар мен револьверлерді, электр қаруын, сондай-ақ үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан асатын, 25 Дж-ға дейінгі аңшылық пневматикалық қаруды азаматтар тек қана ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша сатып алады.»;
екінші бөліктегі «электр қаруын,» деген сөздер алынып тасталсын;
78-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;»;
79-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Аңшылық пневматикалық қару, жарақат салатын, газбен және сәуле-дыбыспен әсер ететін патрондары бар ұңғысыз атыс қаруы, тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын, газды тапаншалар мен револьверлерді, электр қаруын алғаш рет иемденуші адамдар ішкі істер органына:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;»;
80-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«80. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, арнайы атақтары бар арнаулы органдардың қызметкерлері азаматтық қаруды иемденіп алуға рұқсатты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.»;
90-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесін;»;
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«99. Қарудың иесі тұрғылықты жерін өзгерткен кезде қаруды ішкі істер органының есебінен шығарады және оны он күн мерзімде жаңа тұрғылықты жері бойынша тиісті есепке қоюды, ал бір ауданның не ауданға бөлінбейтін қаланың шегінде тұрғылықты жерін өзгерткен кезде ол туралы аумақтық ішкі істер органына бес күн мерзімде хабарлайды.»;
101-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қару жоғалған немесе ұрланған жағдайда иесі ол туралы ішкі істер органына бір күн мерзімде хабарлауға міндетті.»;
105-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны;»;
көрсетілген Ережеге «3,» «4-1 (құпия),», «4-2 (құпия),», «4-3 (құпия),», «7», «8», «10-2, 10-3 (құпия),», «10-4» қосымшалар алынып тасталсын;
көрсетілген Ережеге 4, 6, 7-1, 7-2, 10-1-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қару иелері мен пайдаланушыларының бастапқы даярлығын ұйымдастыру ережесінде:
қару иелерінің және пайдаланушыларының бастапқы дайындығы бағдарламасына түсіндірме жазбада:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Атыс қаруын, электр қаруын, газды тапаншалар мен револьверлерді алғаш рет сатып алушы адамдардың бастапқы дайындығы, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының «Динамо» дене тәрбиесі-спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінің аумақтық бөлімшелерінің, «Қазақстан спорт атысы федерациясы» қоғамдық бірлестігінің, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлауды және біліктілігін арттыруды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мамандандырылған оқу орталықтарының базасында жүргізіледі.»;
Қару иелерінің және пайдаланушыларының (газды) бастапқы дайындығының бағдарламасында: