| Р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Құжаттар | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қызмет түріне арналған жалпы талаптар мен құжаттар |
| 1 | лицензия алуға үміткер жеке тұлғада немесе пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар заңды тұлғаның қызметкерінде мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы айғақтардың (психикалық аурулар, алкоголизм немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтамалар | Мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы айғақтардың (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтамалар | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алу |
| 2 | лицензия алуға үміткер жеке тұлғада немесе пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар заңды тұлғаның қызметкерінде соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы | Соттылығының жоқтығы туралы анықтама | ҚР БП ҚСжАЕК АЖ-дан алу |
| Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
| 3 | лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның, пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар заңды тұлғаның басшысы мен оның орынбасарының көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы куәліктері, сондай-ақ тиісті қауіпсіздік ережелерін білуі | Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі. | Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес дипломның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
| 4 | көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы куәліктері бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткен білікті мамандар | Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі. | Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
| 5 | өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және есепке алынатын өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы қоймалар | Құжаттамалар мен үй-жайлардың болуын көрсететін құжаттар. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| 6 | өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану және кәдеге жарату кезінде бұйымының қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруді толыққанды қамтамасыз ететін конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасының жиынтығы (сызба, техникалық шарттар, технологиялық үдеріс, пайдалану, (қолдану және басқалар) жөніндегі нұсқаулық (ұсынымдар) | Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| 7 | ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханалық база | Техникалық құжаттама, аккредиттеу аттестатының көшірмесі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| 8 | азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі | Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
| 9 | өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуіне білікті тексеруден өткен лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның, пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар заңды тұлғаның басшысы мен оның орынбасарында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды бітіргендігі туралы куәлігі | Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі. | Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
| 10 | өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткен білікті мамандар | Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәлік. | Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
| 11 | Өндіру, сақтау, тасымалдау, сату, қолдану және кәдеге жарату кезінде өнімнің қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруді толыққанды қамтамасыз ететін конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасының жиынтығы (сызбалар, техникалық шарттар, технологиялық үдеріс, пайдалану, (қолдану және басқалар) жөніндегі нұсқаулықтар (ұсынымдар) | Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды өндіру, сақтау, сату, пайдалану және кәдеге жарату мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы. | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| 12 | Пиротехникалық бұйымдарды өндіруге, сақтауға және кәдеге жаратуға арналған және мыналарды: белгіленген тәртіппен технологиялық операцияларды орындауға жіберілген технологиялық және қосалқы жабдықтарды; өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, қатаң есепке алуды және болуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық бұйымдарды сақтауға арналған қойманы; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханалық базаны немесе пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сынақтан өткізу жөніндегі қызметтер көрсету жөніндегі аккредиттелген зертханалық базамен жасалған шартты; пиротехникалық бұйымдарды бақылау сынағынан өткізуге арналған арнайы жабдықталған аумақты; пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөлікті; өртке қарсы қорғаныс құралдарын (өрт сигнализациясы мен өрт сөндіру), өртті сөндіру үшін қажетті өртке қарсы сумен жабдықтауды және арнайы құралдардың есептік қорын, өрт шыққан жағдайда персоналдың іс-қимылы жоспарын қамтитын және белгіленген талаптарға жауап беретін меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік-техникалық база | Тиісті жабдықтар мен аппаратуралардың, құжаттамалар мен үй-жайлардың болуын көрсететін құжаттар. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі өкілі қол қойған объектіні пайдалануға қабылдау актісі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| 13 | жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік- техникалық құжаттар | Жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| 14 | азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу бойынша ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі | Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
| 15 | өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткен лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның немесе пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар заңды тұлғаның басшысы мен оның қызметкерінің көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы куәлігі | Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі | Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
| 16 | өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және болуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық бұйымдарды сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жай мен оларды сақтауға арналған қоймалар | Құжаттамалардың және үй-жайлардың бар-жоғын көрсететін құжаттардың көшірмесі. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі өкілі қол қойған объектіні пайдалануға қабылдау актісі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| 17 | пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған автокөлік | Пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің болуын көрсететін құжаттардың көшірмесі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| 18 | азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалануға мүмкіндік беретін техникалық мақсаттағы арнайы құрал-жабдықтардың болуы | Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалануға мүмкіндік беретін техникалық мақсаттағы арнайы құрал-жабдықтың болуын көрсететін, оның техникалық сипаттамаларын және пайдалану қауіпсіздігін айқындайтын құжаттарының көшірмелері. | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| 19 | азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі | Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
| 20 | өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткен лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның, заңды тұлғаның пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар басшысы мен оның қызметкерінің көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы куәлігі | Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі. | Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны |
| 21 | өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және болуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жай мен оларды сақтауға арналған қоймалар | Құжаттардың және үй-жайлардың болуын көрсететін құжаттар. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі өкілі қол қойған объектіні пайдалануға қабылдау актісі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| 22 | пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған автокөлік | Пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің болуын көрсететін құжаттар | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| 23 | азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі бойынша ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі | Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
Комментарий успешно добавлен