| Р/с № | Біліктілік талаптары | Құжаттар | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Жеке күзет ұйымының, оның ішінде филиалының басшысы лауазымына: 1) жоғарғы заңгерлік білімі немесе Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнаулы органдарда басшы лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен; 3) денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық бойынша есепте жоқ; 4) қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады. | Дипломның көшірмесі | Дипломның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
| Жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрық және/немесе басшының қолы мен мөр қойылған қызметтік тізім | Жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы және/немесе қызметтік тізім туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
| Еңбек кітапшасының көшірмесі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| Жеке күзет ұйымында күзетші және басшы лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының арнайы бағдарламасы бойынша курстардан өткені туралы куәлік | Жеке күзет ұйымында күзетші және басшы лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының арнайы бағдарламасы бойынша курстардан өткендігі туралы куәліктің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
| Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден медициналық анықтамалар | Қазақстан Республикасы ДСМ АЖ алу |
| Соттылығы жоқ екені туралы анықтама | ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ алу |
| 2. | Күзетші лауазымына: 1) жасы 19-дан төмен емес; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен; 3) қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ, денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметімен айналысуға жарамды (көздің нашар көруіне, психикалық ауруына, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қару қолдануға қарсы айғақтары жоқ) Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. | Жеке куәлік | ЖТ МДҚ-дан алу |
| Жеке күзет ұйымында күзетші және басшы лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының арнайы бағдарламасы бойынша курстардан өткендігі туралы куәлік | Жеке күзет ұйымында күзетші және басшы лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының арнайы бағдарламасы бойынша курстардан өткендігі туралы куәліктің бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
| Соттылығы жоқ екені туралы анықтама | ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ алу |
| Медициналық анықтамалар | Қазақстан Республикасы ДСМ АЖ алу |
| 3. | Жеке күзет ұйымының басшысы және күзетшісі лауазымына: 1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ерекше бөлігі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегіндегі мерзім өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған; 2) жеке меншікке, мемлекеттік билік институттарына, белгіленген басқару тәртібіне, қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын күзет ұйымының басшысы немесе күзетшісі болып жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған; 3) кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау, сот және әділет органдарынан босатылған; | Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтамалар | ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ алу |
| Жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрық және/немесе басшының қолы мен мөр қойылған қызметтік тізім | Жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы және/немесе қызметтік тізім туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
| Еңбек кітапшасының көшірмесі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| 4) кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша жеке күзет ұйымының күзетшісі қызметінен босатылған адамдар қабылданбайды. | | |
| 4. | Өздерінің қызметінде қару мен оқ-дәрілерді қолданатын жеке күзет ұйымдарында қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайлардың (не белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға арналған келісімшарттың) болуы. | Сақтау және/немесе жалға алу шартының көшірмесі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
| Қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайды тексеру актісі | Талапқа сәйкестікті лицензиар заңды тұлғаның қызметі жүзеге асырылатын жерде тексеру арқылы растайды |
Комментарий успешно добавлен