• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 Қаулысы

Осы редакция 18.11.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы " 2005 жылғы 7 қаңтардағы және " Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы " 2005 жылғы 8 шiлдедегi заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 5 мамырдағы
 N 371 қаулысымен
 бекiтiлген
Ережеде бүкіл мәтін бойынша "департаменттерінен (05.05.2006 жылғы редакцияны қараңыз)(басқармаларынан)", "департаменттерімен (басқармаларымен)", "департаментіне (басқармасына)" және "департаменті " сөздер тиісінше "басқармаларынан", "басқармаларымен", "басқармасына" және "басқармасы" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 20.03.2008 № 276 Қаулысымен.(басқармасы)
Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге  
  шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы  
  ереже 
1. Жалпы ережелер 
1. Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбiн реттейдi.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру  дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы,  "Қазақстан Республикасының қорғанысы  және Қарулы Күштерi туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы,  "Әскери  мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi заңдарына және осы Ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
3. Әскери есепке алу тұрақты жүзеге асырылады және мыналарды: 
1) әскери-есептiк мамандығы жоқ әйелдердi; 
2) әскери мiндеттi атқарудан босатылғандарды; 
3) бас бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеп жатқандарды; 
4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрақты тұратындарды қоспағанда, әскери есепке алынуға тиiс азаматтардың барлық санаттарын қамтиды.
4. Әскери есепке алудың мақсаты ел қорғанысын және мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын адами ресурстарды тиiмдi пайдалану мүддесiнде олардың сандық және сапалық құрамын айқындау болып табылады.
5. Әскери есепке алудың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, мемлекеттiк органдарды бейбiт жағдайдан соғыс жағдайына жоспарлы түрде көшiру және оларды кейiннен жеке құраммен жете жасақтау жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету үшiн запаста тұрған азаматтар қатарынан қажеттi әскери мамандарды даярлау жөнiнде жоспарлы жұмыс жүргiзу; 
2) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыруды ұйымдасқан түрде өткiзудi қамтамасыз ету үшiн Республикада бар әскерге шақыру ресурстарын Қарулы Күштердiң әскер түрлерi, тектерi бойынша ұтымды бөлу мүддесiнде олардың сандық және сапалық құрамын уақтылы анықтау және айқындау; 
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  және осы Ереженi орындауын бақылауды жүзеге асыру.
6. Азаматтардың әскери есепте тұру ұзақтығы "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес айқындалады.
7. Әскери есепке алу жалпы және арнайы болып бөлiнедi. 
Жалпы әскери есепте мемлекеттiк органдарға немесе ұйымдарға жұмылдыру кезеңiне және соғыс уақытына бекiтiлiп қойылмаған азаматтар тұрады. 
Арнайы әскери есепте органдарға немесе ұйымдарға жұмылдыру кезеңiне және соғыс уақытына белгiленген тәртiппен бекiтiлiп қойылатын азаматтар тұрады. 
Шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген кезде осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
8. Азаматтарды әскери есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органдары (бұдан әрi - ЖӘБО) жүзеге асырады. 
Әскери мiндеттiлерге тiкелей тұрғылықты жерi бойынша есепке алуды және есептен шығаруды ресiмдеу кезiнде неғұрлым қолайлы жағдай жасау және барлық әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды дербес (сапалы) есепке алудың нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ЖӘБО жоқ елдi мекендерде азаматтарды әскери есепке алуды кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтiң әкiмдерi (бұдан әрi - әкiмдер) жүзеге асырады. 
Өздерiнiң ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, мемлекеттiк органдар мен ұйымдар (бұдан әрi - ұйымдар) осы Ережеге сәйкес жұмыс iстейтiн әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушылар болған кезде азаматтарды әскери есепке алуды жүргiзедi. 
Азаматтарды әскери есепке алуды ұйымдастыру, жүргiзу жөнiндегi жұмысқа жалпы басшылық жасауды және оны бақылауды ЖӘБО (қаланың, ауданның) жүзеге асырады. 
ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) талап етуi бойынша ұйымдар жұмыс iстейтiн әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушылардың сандық құрамын растайтын құжаттаманы ұсынады.
9. Еркек жынысты азаматтарды ЖӘБО-ға (ауданның, қаланың) бастапқы әскери есепке қоюды жыл сайын қаңтар-наурыз аралығында, ал Қазақстан Республикасының азаматтығын алған азаматтарды бүкiл күнтiзбелiк жыл ішінде азаматтарды әскерге шақыру учаскесiне тiркеу жөнiндегi комиссия жүзеге асырады. 
Әйел жынысты азаматтарды бастапқы әскери есепке қою олар әскери-есептiк мамандық алғаннан және 18 жасқа толғаннан кейiн жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру  
  учаскелерiне тiркеудi жүргiзу тәртiбi 
10. "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес жыл сайын қаңтар-наурыз аралығында тiркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары әскерге шақыру учаскелерiне тiркеледi. 
Тiркеу азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесiн айқындау, жалпы бiлiм деңгейiн, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейiн белгiлеу мақсатында жүргiзiледi. 
Азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеу туралы деректер негiзiнде ЖӘБО (қаланың, ауданның) әскерге шақыру ресурстарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары әскерлерiнiң түрлерi мен тектерi бойынша алдын ала бөлудi, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери-техникалық мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны филиалдарының оқу орындарында әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқыту үшiн кандидаттарды алдын ала iрiктеудi жүргiзедi және әскери оқу орындарына түсуге тiлек бiлдiретiн адамдарды анықтайды. 
Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру учаскелерiне тiркеудi олардың тұрғылықты жерi бойынша ЖӘБО (қаланың, ауданның) жүргiзедi.
11. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелерiне тiркеудi өткiзер алдында ЖӘБО (қаланың, ауданның) жыл сайын мынадай дайындық жұмыстарын жүргізеді: 
1) жыл сайын 1 қарашаға дейiн аудандық (қалалық) статистика ұйымдары және/немесе салық органдары арқылы қаланың, ауданның ұйымдар тiзбесiн нақтылайды; 
2) жыл сайын 1 желтоқсанға дейiн ұйымдардан осы Ережеге  1-қосымшаға  сәйкес әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмiн (бұдан әрi - азаматтар тiзiмi) сұратады; 
3) есепке алу жөнiндегi құжаттарды, әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың ұсынылған тiзiмдерiнiң жасалуын тексередi; 
4) тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардан алынған, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша жасалған тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн ұйымдардан алынған, тiркелуге тиiс азаматтардың ұқсас тiзiмдерiмен салыстырады; 
5) осы Ережеге  2-қосымшаға  сәйкес жыл сайын 25 желтоқсанға дейiн салыстырылған тiзiмдер негiзiнде әскерге шақыру учаскесiне тiркелуге тиiс азаматтардың жиынтық тiзiмiн жасайды; 
6) тiркелуге тиiс азаматтарға мыналарды: 
емдеу-алдын алу ұйымдарынан - амбулаторлық науқастың медициналық карталарын, егулер туралы деректердi, жүйке-психикалық, наркологиялық, терi-венерологиялық, инфекциялық аурулар, туберкулез, АҚТҚ-инфекциясы (ЖҚТБ), трахома, iшкi мүшелердiң созылмалы аурулары, хирургиялық бейiндегi аурулар бойынша есепте тұрған адамдардың тiзiмiн, сырқат тарихынан көшiрменi, азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын дәрiгерлiк тексеру мен диспансерлiк қадағалау мәлiметтерiн; 
халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарынан - мүгедек деп танылған адамдар туралы мәлiметтердi; 
девианттық мiнез-құлықты балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосалқы мектептер мен арнайы бiлiм беру ұйымдарынан - медициналық-педагогикалық мiнездемелер;