Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 01.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы " 2005 жылғы 7 қаңтардағы және "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы " 2005 жылғы 8 шiлдедегi заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 5 мамырдағы
N 371 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
4
Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге
шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы
ереже 1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбiн реттейдi.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы, "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы, "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi заңдарына және осы Ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
Toggle Dropdown
3. Әскери есепке алу тұрақты жүзеге асырылады және мыналарды:
Toggle Dropdown
1) әскери-есептiк мамандығы жоқ әйелдердi;
Toggle Dropdown
2) әскери мiндеттi атқарудан босатылғандарды;
Toggle Dropdown
3) бас бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеп жатқандарды;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрақты тұратындарды қоспағанда, әскери есепке алынуға тиiс азаматтардың барлық санаттарын қамтиды.
Toggle Dropdown
4. Әскери есепке алудың мақсаты ел қорғанысын және мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын адами ресурстарды тиiмдi пайдалану мүддесiнде олардың сандық және сапалық құрамын айқындау болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Әскери есепке алудың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, мемлекеттiк органдарды бейбiт жағдайдан соғыс жағдайына жоспарлы түрде көшiру және оларды кейiннен жеке құраммен жете жасақтау жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету үшiн запаста тұрған азаматтар қатарынан қажеттi әскери мамандарды даярлау жөнiнде жоспарлы жұмыс жүргiзу;
Toggle Dropdown
2) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыруды ұйымдасқан түрде өткiзудi қамтамасыз ету үшiн Республикада бар әскерге шақыру ресурстарын Қарулы Күштердiң әскер түрлерi, тектерi бойынша ұтымды бөлу мүддесiнде олардың сандық және сапалық құрамын уақтылы анықтау және айқындау;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және осы Ереженi орындауын бақылауды жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
6. Азаматтардың әскери есепте тұру ұзақтығы "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
Toggle Dropdown
7. Әскери есепке алу жалпы және арнайы болып бөлiнедi.
Toggle Dropdown
Жалпы әскери есепте мемлекеттiк органдарға немесе ұйымдарға жұмылдыру кезеңiне және соғыс уақытына бекiтiлiп қойылмаған азаматтар тұрады.
Toggle Dropdown
Арнайы әскери есепте органдарға немесе ұйымдарға жұмылдыру кезеңiне және соғыс уақытына белгiленген тәртiппен бекiтiлiп қойылатын азаматтар тұрады.
Toggle Dropdown
Шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген кезде осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Азаматтарды әскери есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органдары (бұдан әрi - ЖӘБО) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Әскери мiндеттiлерге тiкелей тұрғылықты жерi бойынша есепке алуды және есептен шығаруды ресiмдеу кезiнде неғұрлым қолайлы жағдай жасау және барлық әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды дербес (сапалы) есепке алудың нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ЖӘБО жоқ елдi мекендерде азаматтарды әскери есепке алуды кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтiң әкiмдерi (бұдан әрi - әкiмдер) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Өздерiнiң ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, мемлекеттiк органдар мен ұйымдар (бұдан әрi - ұйымдар) осы Ережеге сәйкес жұмыс iстейтiн әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушылар болған кезде азаматтарды әскери есепке алуды жүргiзедi.
Toggle Dropdown
Азаматтарды әскери есепке алуды ұйымдастыру, жүргiзу жөнiндегi жұмысқа жалпы басшылық жасауды және оны бақылауды ЖӘБО (қаланың, ауданның) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) талап етуi бойынша ұйымдар жұмыс iстейтiн әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушылардың сандық құрамын растайтын құжаттаманы ұсынады.
Toggle Dropdown
9. Еркек жынысты азаматтарды ЖӘБО-ға (ауданның, қаланың) бастапқы әскери есепке қоюды жыл сайын қаңтар-наурыз аралығында, ал Қазақстан Республикасының азаматтығын алған азаматтарды бүкiл күнтiзбелiк жыл ішінде азаматтарды әскерге шақыру учаскесiне тiркеу жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Әйел жынысты азаматтарды бастапқы әскери есепке қою олар әскери-есептiк мамандық алғаннан және 18 жасқа толғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
1
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру
учаскелерiне тiркеудi жүргiзу тәртiбi
Toggle Dropdown
10. "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жыл сайын қаңтар-наурыз аралығында тiркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары әскерге шақыру учаскелерiне тiркеледi.
Toggle Dropdown
Тiркеу азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесiн айқындау, жалпы бiлiм деңгейiн, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейiн белгiлеу мақсатында жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
Азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеу туралы деректер негiзiнде ЖӘБО (қаланың, ауданның) әскерге шақыру ресурстарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары әскерлерiнiң түрлерi мен тектерi бойынша алдын ала бөлудi, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери-техникалық мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны филиалдарының оқу орындарында әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқыту үшiн кандидаттарды алдын ала iрiктеудi жүргiзедi және әскери оқу орындарына түсуге тiлек бiлдiретiн адамдарды анықтайды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру учаскелерiне тiркеудi олардың тұрғылықты жерi бойынша ЖӘБО (қаланың, ауданның) жүргiзедi.
Toggle Dropdown
11. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелерiне тiркеудi өткiзер алдында ЖӘБО (қаланың, ауданның) жыл сайын мынадай дайындық жұмыстарын жүргізеді:
Toggle Dropdown
1) жыл сайын 1 қарашаға дейiн мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары және/немесе салық органдары арқылы қаланың, ауданның ұйымдар тiзбесiн нақтылайды;
Toggle Dropdown
2) жыл сайын 1 желтоқсанға дейiн ұйымдардан осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмiн (бұдан әрi - азаматтар тiзiмi) сұратады;
Toggle Dropdown
3) есепке алу жөнiндегi құжаттарды, әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың ұсынылған тiзiмдерiнiң жасалуын тексередi;
Toggle Dropdown
4) тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардан алынған, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша жасалған тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн ұйымдардан алынған, тiркелуге тиiс азаматтардың ұқсас тiзiмдерiмен салыстырады;
Toggle Dropdown
5) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жыл сайын 25 желтоқсанға дейiн салыстырылған тiзiмдер негiзiнде әскерге шақыру учаскесiне тiркелуге тиiс азаматтардың жиынтық тiзiмiн жасайды;
Toggle Dropdown
6) тiркелуге тиiс азаматтарға мыналарды:
Toggle Dropdown
емдеу-алдын алу ұйымдарынан - амбулаторлық науқастың медициналық карталарын, егулер туралы деректердi, жүйке-психикалық, наркологиялық, терi-венерологиялық, инфекциялық аурулар, туберкулез, АҚТҚ-инфекциясы (ЖҚТБ), трахома, iшкi мүшелердiң созылмалы аурулары, хирургиялық бейiндегi аурулар бойынша есепте тұрған адамдардың тiзiмiн, сырқат тарихынан көшiрменi, азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын дәрiгерлiк тексеру мен диспансерлiк қадағалау мәлiметтерiн;
Toggle Dropdown
халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарынан - мүгедек деп танылған адамдар туралы мәлiметтердi;
Toggle Dropdown
девианттық мiнез-құлықты балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосалқы мектептер мен арнайы бiлiм беру ұйымдарынан - медициналық-педагогикалық мiнездемелер;
Toggle Dropdown
iшкi iстер, прокуратура және сот органдарынан - қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған, тергеуде болған, сотталған, iшкi iстер органдарында есепте тұрған адамдардың тiзiмiн;