• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 31.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 Қаулысы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 1 желтоқсандағы
 № 1427 қаулысымен
 бекітілген
Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта осы Қағидаларда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударушы немесе Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;
2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) азаматтарды тіркеу кітабы – азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін немесе тіркеуден шығарылуын растайтын құжат. Азаматтарды тіркеу кітабын ресімдеу және беру тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілейді;
4) жақын туыстары – ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілері, қарындастары, атасы, әжесі, немерелері.
2. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу тәртібі
3. Ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді не тұрғылықты жерін ауыстырған кезде тіркеуден шығаруды жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырады.
Ішкі көшіп-қонушы тіркелген жер оның заңды мекенжайы болып табылады.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 343 (01.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Ішкі көшіп-қонушының тұрғылықты жерiн тiркеу олардың белгiленген тәртiппен тұрғын үйдi жеке меншiкке сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның iшiнде жалға алу мен жалға алу шарты бойынша да алғанын куәландыратын, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген өзге де негiздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретiн құжаттардың негiзiнде, сондай-ақ тұрғын үйдiң меншiк иесiнiң (жалға берушінің) жазбаша келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
Ішкі көшіп-қонушыларды тiркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, бау-бақша серiктестiктерi мен кооперативтерiнiң саяжай құрылыстарында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерiнде, интернат-үйлерiнде, пансионаттарда, қарттар үйлерiнде, қызметтік ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады. 
5. Тұрғылықты жерi бойынша тiркеуге:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында мемлекет ішінде қоныс аударушы, сондай-ақ шет елдерден тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
3) шетелдiктер және босқын мәртебесiн алған азаматтығы жоқ адамдар жатады.
6. Босқындарды қоспағанда, тіркеуге жататын ішкі көшіп-қонушылар бұрынғы тіркеу орнынан есептен шыққан күннен бастап он күн мерзімде халыққа қызмет көрсету орталықтарына мынадай құжаттарды:
1) уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiштi;
2) бұрынғы тұрғылықты жерiнен тiркеуден шыққанын растайтын құжатты;
3) жеке басын куәландыратын құжатты;
4) әскери басқарманың жергiлiктi органдарының әскери есепке алу немесе одан шығару туралы белгiсi бар әскери билетiн (әскерге шақырылатындар үшiн тiркеу куәлiгi) ұсынады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 343 Қаулысымен (01.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
7. Босқындар уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінде тiркелу үшiн бес күндік мерзiмде мынадай құжаттарды:
1) босқындар мәселелерi жөнiндегi қатынастарды реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган берген тiркеуге жолдаманы;
2) уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiшті;
3) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
8. Тұрғылықты жерi бойынша тiркеу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк баж алынады.
9. Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығаруға мынадай ішкі көшіп-қонушылар:
1) басқа тұрғылықты жерге қоныс аударушылар;
2) сот үкiмiнiң негiзiнде бас бостандығынан айыруға сотталғандар;
3) сот шешiмiмен тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандар;
4) қайтыс болған адамдар жатады.
Тiркеуден шығару жеке меншiк құқығындағы тұрғын үй иесiнiң өз бастамасы бойынша тiркеуден шығарылатын адамның жеке өтiнiшiн және оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынбастан ресiмделуi мүмкiн.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 343 Қаулысымен (01.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
10. Тiркелген және тiркеуден шығарылған ішкі көшіп-қонушыларды есепке алуды Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген  тәртiппен ішкi iстер органдары жүзеге асырады.
Тiркеу және тiркеуден шығару азаматтарды тiркеу кiтабына мөртаңба басу және жазба жасау арқылы жүзеге асырылады, оны тiркеудi жүзеге асыратын органдар тұрғын үйдiң меншiк иелерiне (жалға берушілерге) және иелігінде ғимараттар мен үй-жайлар бар өзге де адамдарға бередi.
Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу және тіркеуден шығару "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай анықтамасы ішкі көшіп-қонушылардың тіркелген жерін растайтын құжат болып табылады.
Заңнамалық актілерде белгiленген жағдайларда азаматтарды тiркеу кiтабы немесе оның көшiрмесi не мекенжай анықтамасы мүдделi органдарға ұсынылады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 343 Қаулысымен (01.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)