• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 26.01.2009 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 276 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңнамада белгілеген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-министрі                                     К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 20 наурыздағы
 N 276 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 487-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат): 
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"Әкімдерге штаттық кестелерді бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын."; 
көрсетілген қаулыға 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: 
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 
бүкіл мәтін бойынша "департаменті (басқармасы)", "департаментінің (басқармасының)", "басқармасы (бөлімі)" деген сөздер "басқармасы", "басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 237  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 12, 111-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде: 
бүкіл мәтін бойынша "департаментіне (басқармасына)", "департаменті (басқармасы)" және "департаменттері (басқармалары)" деген сөздер тиісінше "басқармасына", "басқармасы" және "басқармалары" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 248  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 12, 113-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде: 
бүкіл мәтін бойынша "департаментіне (басқармасына)", "департаменті (басқармасы)" және "департаменттері (басқармалары)" деген сөздер тиісінше "басқармасына", "басқармасы" және "басқармалары" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 17, 157-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеде: 
бүкіл мәтін бойынша "департаменттерінен (басқармаларынан)", "департаменттерімен (басқармаларымен)", "департаментіне (басқармасына)" және "департаменті (басқармасы)" деген сөздер тиісінше "басқармаларынан", "басқармаларымен", "басқармасына" және "басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 мамырдағы N 368  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 14, 161-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесінде: 
бүкіл мәтін бойынша "департаментінің (басқармасының)", "Департамент (басқарма)", "Департаменттің (басқарманың)", "департаментке (басқармаға)", "Департаментке (басқармаға)" және "департаментінің" деген сөздер тиісінше "басқармасының", "Басқарма", "Басқарманың", "басқармаға", "Басқармаға" және "басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесіне 5-қосымшадағы "департаментінің" деген сөз "басқармасының" деген сөзбен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 20 наурыздағы
 N 276 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 4 қазандағы
 N 1022 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы 
1. Облыстық әкімдік
1. Облыс әкімінің аппараты 
2. Сәулет және қала құрылысы басқармасы 
3. Ішкі саясат басқармасы 
4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы 
5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау            басқармасы 
6. Денсаулық сақтау басқармасы 
7. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар            басқармасы 
8. Мәдениет басқармасы 
9. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен            дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру            басқармасы 
10. Білім басқармасы 
11. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 
12. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 
13. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу             басқармасы