• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2319 Қаулысы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі бекітілсін.
1) «Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 мамырдағы № 368 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 164-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 276 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 15, 144-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 2319 қаулысымен
 бекітілген
Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден
 субсидиялар төлеу ережесі
1. Осы Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңында, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларды және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде көзделген бағыттар бойынша тиісті қаржы жылына арналған облыс бюджетінде 010 «Мал шаруашылығын дамытуды қолдау» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және оның шегінде мал шаруашылығын дамытуға және Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің дамуын жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік қолдау мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін, сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыруға арналады. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік қолдау нысандарын қозғамайтын бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жоғары сыныпты асыл тұқымды жануарларды сатып алуға, күтуге және өз төлі есебінен кең ауқымда өсіру үшін мал басын толықтыратын төлді өсіру шығындарын 50 %-ға дейін өтеу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтер көрсетушілерге шығындарды 50 %-ға дейін өтеу;
3) сатып алынған арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтың (бұдан әрі - жабдық) және ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылатын арнайы техниканың (бұдан әрі - техника) құнын 50 % -ға дейін, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер сатып алған жабдық пен техниканың құнын өтеу;
4) республикалық бюджеттен субсидияланатын салаларды қоспағанда, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға пайдаланылатын құрама азықтың құнын 50 %-ға арзандату;
5) ірі және құнарлы азық өндіру мен дайындауға жұмсалған шығындарды 50 %-ға дейін өтеу;
6) мал шаруашылығы және құс шаруашылығы объектілерін салуға және қайта жаңартуға жұмсалған шығындарды 50 %-ға дейін өтеу.
3. Субсидиялар алуға агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тізімін және оларға тиесілі субсидиялар көлемін айқындау үшін облыс әкімдігі құрамында облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысы мен мамандары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық инспекциясының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстық статистика басқармасының маманы, мал шаруашылығы қауымдастығының өкілдері бар Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады. Басқарма Комиссияның жұмыс органы болып табылады және оның құзыретіне мыналар кіреді:
1) мал шаруашылығын қолдауға бөлінетін субсидиялар көлемін жергілікті атқарушы орган бекіткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында субсидиялардың бағыттары мен беру шарттарын, құжаттарды қабылдау мерзімін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы мәліметтердің жариялануын қамтамасыз етеді;
2) субсидиялар алуға үміткер агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне қойылатын технологиялық параметрлерді әзірлеу, Комиссиямен келісу және Басқарманың бұйрығымен бекіту;
3) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша субсидиялардың мөлшерін тиісті қаржы жылына арналған облыс бюджетінде көзделген қаражат шегінде Басқарманың бұйрығымен бекіту;
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдау, оларды бес жұмыс күні ішінде қарау, Комиссияға ұсыну және оның шешімінің нәтижелері бойынша субсидиялар алушылардың тізімін және оларға тиесілі субсидиялар көлемін Басқарманың бұйрығымен бекіту, сондай-ақ себептерін көрсете отырып, осы тізімге енгізілмеген үміткерлерге субсидиялар алуға анықтама беру.
2. Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден
 субсидиялар төлеу тәртібі
4. Тізімге енгізілген агроөнеркәсіптік кешен субъектілері субсидиялар алу үшін аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі - бөлім) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды малдар, арнайы технологиялық жабдық және арнайы техника сатып алуға сатып алу-сату шартын, жеткізу актісі мен төлем құжаттарының көшірмесін;
2) іс жүзіндегі өндіріс шығындарын растайтын құжаттарды ұсына отырып, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес жоғары сыныпты асыл тұқымды бір мал басын ұстауға және мал басын толықтыратын төлдің бір басын өсіруге жұмсалатын шығындардың анықтама-есебін;
3) қалған бағыттар бойынша төлем құжаттарының көшірмелері: тауарлардың, қызметтердің, жұмыстардың құнын төлеу актілері, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, кассалық-кіріс ордерлері, банктік төлем тапсырмалары ұсынылады.
5. Бөлім агроөнеркәсіптік кешен субъектілері субсидиялар алуға ұсынған бастапқы төлем құжаттарын бес жұмыс күні ішінде тексереді және белгіленген квоталар шегінде бекітілген субсидиялар мөлшері негізінде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес тиесілі субсидиялар туралы жиынтық ведомость жасайды және төлем құжаттарымен бірге Басқармаға ұсынады.
6. Бөлім субсидиялар алу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
7. Басқарма бөлімдер ұсынған құжаттар бойынша тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындайды және осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес облыс бойынша субсидияларды төлеу туралы біріктірілген жиынтық ведомосты жасайды.
Агроөнеркәсіптік кешеннің тиісті субъектілерінің ағымдағы шоттарына тиесілі субсидияларды аударуды Басқарма белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне 2 данадағы төлем шоттарының тізілімі мен төлем шотын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
8. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері тиісті жылдың 25 желтоқсанына қарай Басқармаға жергілікті бюджеттен алынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп ұсынады.
9. Жергілікті бюджет қаражатының мақсатты, тиімді пайдалануына жергілікті атқарушы орган жауапты болады.
Мал шаруашылығын дамытуды
 қолдауға жергілікті бюджеттерден
 субсидиялар төлеу ережесіне
 1-қосымша
субсидиялаудың бағыты, тауардың (жануарлардың), қызметтердің,