Bestprofi Logo

Қаулы № 1381 от 2007-12-29г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 Қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 21.08.2020 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1381 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.08.2020 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

тақырыбындағы және 1-тармақтағы "аударымдарды есептеу" деген сөздерден кейін "және аудару" деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде:

тақырыбында "аударымдарды есептеу" деген сөздерден кейін "және аудару" деген сөздермен, кіріспесінде, 2-бөлімнің тақырыбында "аударымдарды есептеудің" деген сөздерден кейін "және аударудың" деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтың екінші абзацындағы және 7-тармақтың төртінші абзацындағы "тиісті" деген сөзден кейін "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;

алтыншы, жетінші, және сегізінші абзацтардағы "тиісті" деген сөзден кейін "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;

төртінші абзацтағы "3 пайызы" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

"2009 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4 пайызы;

2010 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы";

сегізінші абзацтағы "құрайды" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"2009 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз, бірақ тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен жалақының кемінде 4 пайызын;

2010 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы, бірақ тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен жалақының кемінде 5 пайызын құрайды.";

Ережеге 1, 2-қосымшаларда "аударымдарды есептеу" деген сөздерден кейін "және аудару" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание