1. Жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
Отправить по почте
"Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысы
"Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негізгi мәнi Қазақстан Республикасында мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгiзу, әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыру, әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыру үшiн қаражатты уақытылы аудару, уақытша бос қаражатты қаржы құралдарына Қазақстан Республикасының Yкiметі белгiлеген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы орналастыру, жыл сайын аудит жүргізу болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi белгiленген тәртiппен Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне берсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның құрылтайшы төлейтiн жарғылық капиталының 45950000 (қырық бес миллион тоғыз жүз елу мың) теңге мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен қалыптастырылуын;
2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн және Қоғам жарғысының бекiтiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж. N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-54-жолмен толықтырылсын:
"21-54. "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне
279. "Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры" АҚ".
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |