• Мое избранное
Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 16.03.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 16 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 25.02.2016 жылғы № 114 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкімет  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1111 Қаулысымен (20.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                               С. Ахметов
Қазақстан Республикасының Үкіметінің
2012 жылғы 20 қарашадағы
№ 1463 қаулысымен бекітілген
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1111 Қаулысымен (20.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды

Құжаттар

Ескертпе

 

1

2

3

4

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 бекітілген «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті мен «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар» 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғаларға жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автобус пен шағын автобустар

жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде иелігіндегі автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері

Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады

 

2

жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасы не ұйыммен (дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарт

жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының болуын растайтын құжаттардың не ұйыммен (дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмелері

Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін

 

3

автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (инженер-механик) және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін білікті мамандар не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттар

автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (инженер-механик) және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін қызметтің және білікті мамандардың болуын растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың көшірмелері

Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, олардың нотариялдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады

 

4

автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат

тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері

Мемлекеттік қызметті алушы салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады

5

автобустармен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамның міндетті техникалық байқаудан өткізгені туралы қолданыстағы куәлік

автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті мақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамның міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің көшірмелері

Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады

 

6

автобустар мен шағын автобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретінде жұмыс өтілін растайтын құжат

жеке тұлға үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін - жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізуші куәліктерінің, тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері

Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады

 

7

тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрығы

тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрықтың көшірмелері

Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады

Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 20 қарашадағы
 № 1463 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 250-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1078 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 504-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1295 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 45-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 513 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 463-құжат).
5. «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 12, 227-құжат).