• Мое избранное
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 және 2002 жылғы 17 шілдедегі N 794 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.07.2007 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 және 2002 жылғы 17 шілдедегi N 794 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 893 Қаулысы

күшін жойды
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында: 
"Лицензияланатын қызмет түрлерi" деген бағандағы 1-тараудың 4-тармағының 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"35) қауiпті жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу; арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу";
2) "Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметті лицензиялаудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 17 шілдедегі N 794  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 243-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"1) Қазақстан Республикасында қауіпті жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөніндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілiк талаптары;"; 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшiн қолданылатын теміp жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптарында: 
тақырып мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасында қауіпті жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегі қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптары";
1-тармақта: 
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"1. Темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу жөнiндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:"; 
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
"2) темiр жол жылжымалы құрамының жасалуына және жөнделуiне жауапты адамдардың тапсырыс берушi бекiткен тiзiмi.";
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын: 
"2. Қауіптi жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптары мыналардың болуын қамтиды: 
1) нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес өндiрiстiк алаңдар, жабдықтар, құрал-саймандар, өлшеу құралдары, айнымайтын бақылау және ақаутапқыш приборлар, вагондарды және/немесе контейнерлердi әрi олардың тораптарын қабылдап алу жүйелерi; 
2) қауіпті жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлердің жасалуына және жөнделуiне жауапты адамдардың тапсырыс берушi бекiткен тiзiмi.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi