Toggle Dropdown
19
Мемлекеттiк статистика туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы N 98 Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 30.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң статистика қызметi саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi, уәкiлеттi органның және статистика қызметiн жүргiзушi мемлекеттік органдардың өкiлеттiгi мен мiндеттерiн айқындайды.
Toggle Dropdown
1 тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1
1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Toggle Dropdown
Осы Заңның күшi жеке тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын заңды тұлғалардың-резидент еместердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне (бұдан әрi - заңды тұлғалар) қолданылады.
Toggle Dropdown
Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық және экологиялық (бұдан әрi - әлеуметтiк-экономикалық) салаларында болып жатқан құбылыстар мен процестер туралы статистикалық деректер жинаудың, өңдеудiң және таратудың негiзгi принциптерiн айқындайды.
Toggle Dropdown
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
ведомстволық статистикалық байқаулар - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүргiзетiн байқаулар;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк статистика - мемлекеттiк статистика органдары қалыптастыратын бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесi;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк статистикалық есептiлiк - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл орайда жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi хабарланатын мәлiметтердiң берiлуi мен дұрыстығына жауапты адамдар қол қойған есептердi мемлекеттiк статистика органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұсынады;
Toggle Dropdown
статистикалық байқау - әлеуметтiк-экономикалық өмiрдiң құбылыстары мен процестерi туралы деректердi алдын ала әзiрленген бағдарлама бойынша тiркеу арқылы жоспарлы түрде, ғылыми ұйымдастырып жинау. Мемлекеттiк статистикалық байқаулар жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулардан тұрады;
Toggle Dropdown
ұлттық санақ - белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша зерттелуге жататын барлық жеке және заңды тұлғаларды жалпымемлекеттiк статистикалық байқау. Уәкiлеттi орган статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс жүргiзедi;
Toggle Dropdown
жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар - уәкiлеттi орган жүргiзетiн байқаулар;
Toggle Dropdown
бастапқы статистикалық ақпарат - статистикалық байқау жүргiзiлген кезде мемлекеттiк статистика органдарына статистикалық мақсаттарда пайдалану үшiн табыс етiлген нақты жеке тұлға, заңды тұлға және оның құрылымдық бөлiмшесi туралы деректер;
Toggle Dropdown
статистикалық жұмыстар жоспары - мемлекеттiк статистикалық байқаулар мен статистикалық байқауларға байланысты басқа да статистикалық жұмыстарды жүргiзудiң жылдық жоспары бар құжат;
Toggle Dropdown
статистикалық байқау бағдарламасы - байқау жүргiзудiң мақсаты мен мiндеттерi, деректер жинау жүзеге асырылатын көрсеткiштердiң (сұрақтардың) тiзбесi, нысан, сұрақтама, сауалдама, санақ парағы, есепке алу мөрқағазы және басқа (бұдан әрi - статистикалық нысандар) түрiнде ұсынылған, оларды есептеп шығарудың әдiстемесi және статистикалық байқау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар;
Toggle Dropdown
тарату - құпия болып табылмайтын статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың, осы ақпаратты пайдалану нысандары мен құралдарына қарамастан, оған қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқаулар - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл ретте бастапқы статистикалық ақпаратты жинау есептер негiзiнде емес, басқа тәсiлдермен жүзеге асырылады. Бастапқы статистикалық ақпаратты жинау тәсiлi бойынша сауалдамалық, декларациялық, корреспонденттiк және инспекциялық байқаулар, есепке алу және санақ жүргiзу болып бөлiнедi;
Toggle Dropdown
статистикалық қызмет - қоғамдағы бұқаралық сипаты бар құбылыстардың сандық деректерiн статистикалық стандарттар негiзiнде жинауға, өңдеуге және таратуға байланысты қызмет;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк статистикалық байқаулардың типтерi - мемлекеттiк статистикалық есептiлiк және арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқаулар;
Toggle Dropdown
уәкiлеттi орган - мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын, өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын орталық атқарушы орган.
Toggle Dropdown
1
3-бап. Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттiк саясаты
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттiк саясаты ғылыми әдiстеме және халықаралық стандарттар негiзiнде бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйенi құрылуына, жұмыс iстеуiне және жетiлдiрiлуiне бағытталған.
Toggle Dropdown
Бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйе барлық жеке және заңды тұлғалардың республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi мен тенденцияларын сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға тиiс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттiк саясаты әдiснамалық тұтастық және орталықтандыру принциптерiне құрылады. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады және мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүйесiнде жетекшi орын алады. Уәкiлеттi органға қарағанда мемлекеттік органдар неғұрлым дұрыс статистикалық көрсеткіштерді әзiрлеудi қамтамасыз ететiн болған жағдайда, мемлекеттiк органдар статистикалық байқаулар өткiзедi.
Toggle Dropdown
Ұлттық санақты және статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мемлекеттiк статистикалық байқауларды жүргiзу кезiнде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң бастапқы статистикалық ақпаратты ұсынуы мiндеттi болып табылады және өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Ғылымның және қоғамдық ұйымдардың мүдделi өкiлдерi алдын ала талқылағаннан кейiн статистикалық жұмыстар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Toggle Dropdown
4-бап. Статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға қойылатын негiзгi талаптар
Toggle Dropdown
Статистикалық қызмет жүргiзетiн уәкiлеттi орган мен мемлекеттік органдар:
Toggle Dropdown
статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, дұрыстығын және жеткiлiктiлiгiн;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестердiң және олардың даму тенденцияларының жан-жақты және дұрыс зерделенуiн, қорытындылануы мен талдануын;
Toggle Dropdown
статистикалық ақпараттың Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген шектерде қол жететiндей және ашық болуын;
Toggle Dropdown
қолданылатын әдiстеменiң және есептелген негiзгi көрсеткiштердiң халықаралық тәжiрибеде пайдаланылатын статистикалық стандарттармен салыстырмалылығын қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
5-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген және осы Заң мен соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының заң актiлерiндегiден өзге ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Toggle Dropdown
6-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар арасындағы статистика саласындағы өзара қарым-қатынастар екiжақты және көпжақты халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тең құқылық және өзара мүдделер принциптерiнде Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы мен басқа мемлекеттердiң статистика органдары және халықаралық ұйымдар арасында мемлекеттік тiкелей жасасылған шарттар негiзiнде айқындалады.
Toggle Dropdown
2 тарау. Мемлекеттік статистиканы ұйымдастыру
Toggle Dropdown
1
7-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика органдары
Toggle Dropdown
Статистикалық қызметтi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистикасын қалыптастыратын органдар:
Toggle Dropdown
уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi;
Toggle Dropdown
статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2
8-бап. Уәкiлеттi орган
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi орган статистика саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында статистиканы жетiлдiру жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi және жүзеге асырады. Статистикалық есеп жүргiзудiң әдiснамасы мен әдiстемесi мәселелерiнде тәуелсiз болады, өзiнiң аумақтық бөлiмшелерiне басшылық жасауды жүзеге асырады, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн үйлестiредi.
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Уәкiлеттi орган туралы ережеге сәйкес статистикалық жұмыстар жоспарын басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi органның статистиканы ұйымдастыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк статистикалық байқауларда қамтылған жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғалар үшiн мiндеттi.
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi орган статистика саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында:
Toggle Dropdown
статистикалық байқаулар бағдарламаларын бекiту негiзiнде мемлекеттік органдардың статистикалық қызметiн үйлестіреді;
Toggle Dropdown
шет елдермен және халықаралық ұйымдармен статистика саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады, олармен мемлекеттiк статистиканы дамытуға бағытталған келiсiмдер мен шарттар жасасады;
Toggle Dropdown
мемлекеттік статистика мәселелері жөнiнде нормативтік құқықтық актiлер шығарады.
Toggle Dropdown
9-бап. Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм статистикалық есеп жүргiзудiң құралы болып табылады және онда статистикалық есеппен қамтылған барлық жеке және заңды тұлғалар туралы қысқаша әкiмшiлiк және экономикалық ақпарат болады. Оны жүргізудi халықаралық стандарттарға сәйкес уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Жеке және заңды тұлғалар туралы тiркелiмдер мен ақпараттық деректер базаларын жасайтын және жүргiзетiн мемлекеттiк органдар мен олардың бағынысындағы ұйымдар мемлекеттiк статистика органдарына бiрыңғай Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмдi қалыптастыруға және оған көкейкестi сипат беруге қажеттi ақпаратты тегiн бередi.
Toggle Dropdown
9-1-бап. Елдi мекендерде әр шаруашылық бойынша есеп жүргiзу
Toggle Dropdown
Әр шаруашылық бойынша есеп жүргiзу ауылдық жерлерде тұратын жеке тұлғаларды, сондай-ақ тұратын жерiне қарамастан жеке үй (қосалқы) шаруашылығы бар жеке тұлғаларды мемлекеттiк статистикалық байқау болып табылады.
Toggle Dropdown
Ауылдың (селоның), кенттiң, ауылдық (селолық) округтiң әкiмi әр шаруашылық бойынша кiтаптарға тiркеу жазбаларын жүргiзудi ұйымдастырады.
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi орган әр шаруашылық бойынша есеп жүргiзудi әдiснамалық тұрғыдан басқаруды жүзеге асырады және осы есептiң деректерін тиісті статистикалық көрсеткiштер түзу үшін пайдаланады.
Toggle Dropdown
3 тарау. Мемлекеттік органдардың статистика саласындағы құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
10-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз өкiлеттiктерi шегiнде:
Toggle Dropdown
статистикалық жұмыстар жоспарында белгiленген мөлшерде және мерзiмдерде заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнен шынайы мемлекеттiк статистикалық есеп-қисапты тегiн алуға;
Toggle Dropdown
статистикалық жұмыстар жоспарын орындау және ұлттық санақ жүргiзу мақсатында статистикалық жинақтау және талдау үшiн жеке тұлғалардан олардың экономикалық және әлеуметтiк-демографиялық жай-күйi, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметi туралы дұрыс ақпарат алуға;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ұйымдардың лауазымды адамдарын мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу iсiне тартуға;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк статистикалық байқаулар бағдарламаларын әзiрлеуге және бекiтуге;
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм жүргiзу үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдар қалыптастыратын жиынтық статистикалық деректердi қайталамайтын статистикалық деректердi түзу үшiн мемлекеттiк органдардан бастапқы статистикалық ақпаратты, сондай-ақ орындайтын функцияларына қарай оларда болатын басқа да ақпаратты алуға;
Toggle Dropdown
жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды бастапқы және статистикалық есепке қою iсiн бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Toggle Dropdown
1
11-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде:
Toggle Dropdown
халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдiснама әзiрлеуге;
Toggle Dropdown
әдiстемелiк нұсқаулықтардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
Toggle Dropdown
статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мемлекеттiк жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзуге және мемлекеттiк органдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
жиынтық статистикалық ақпараттың жеке және заңды тұлғалар үшiн ашық болуын қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
прокурордың талап етуi бойынша сұратылған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн беруге;
Toggle Dropdown
қолданылып жүрген шарттар бойынша мiндеттемелерге сәйкес халықаралық ұйымдарға статистикалық ақпарат беруге, сондай-ақ шет елдермен статистикалық ақпарат алмасуға;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк статистика органдарына ақпарат беретiн жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандар мөрқағаздарымен және оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулармен қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
республиканың және оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базасының жинақталуын, жүргiзiлуiн және өзектiлiгiн қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк статистика органдары қызметкерлерiнiң дербес жауапкершiлiгi негiзiнде мемлекеттiк және коммерциялық құпияны, бастапқы статистикалық ақпараттың жасырын болуын сақтауға;
Toggle Dropdown
статистика саласында ғылыми-зерттеу әзiрлемелерiн ұйымдастыруға;
Toggle Dropdown
еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына және қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының өлім-жітімі (мүгедектігі) бойынша статистикалық деректерді жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей табыс етуге міндетті;
Toggle Dropdown
тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Toggle Dropdown
2
12-бап. Статистикалық қызмет жүргiзетiн мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
Toggle Dropdown
Статистикалық қызмет жүргiзетiн мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде:
Toggle Dropdown
ведомстволық статистикалық байқаулар жүргiзуге;
Toggle Dropdown
ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзiрлеуге;
Toggle Dropdown
жеке тұлғалардан статистикалық ақпарат алуға;
Toggle Dropdown
заңды тұлғалардан қаржылық есептiлiк негiзiнде жасалған дұрыс статистикалық ақпарат алуға;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк органдардан орындайтын функцияларына қарай оларда болатын ақпаратты статистикалық деректер түзу үшiн алуға;
Toggle Dropdown
ұйымдарда бастапқы есеп пен статистикалық есептiлiктiң жолға қойылуын бақылауды жүзеге асыруға, өздерi алған деректердiң дұрыстығын тексеруге құқылы.
Toggle Dropdown
Статистикалық қызметтi жүргізетін мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi:
Toggle Dropdown
уәкiлеттi органға әдiстемелiк нұсқаулықтардың орындалуы туралы мәлiметтер беруге;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк және коммерциялық құпияларды, бастапқы статистикалық ақпараттың құпия болуын сақтау принципiн ұстануға жүргiзiлетiн статистикалық байқаулар бағдарламалары мен әдiстемелiк әзiрлемелер жобаларын уәкiлеттi органның келiсуi мен бекiтуiне табыс етуге;
Toggle Dropdown
1
тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Toggle Dropdown
13-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi
Toggle Dropdown
Жеке және заңды тұлғаларға бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығына, статистикалық жұмыстар жоспарына қол жеткiзуге болатындығына кепiлдiк берiледi. Бастапқы статистикалық ақпаратты тарату ақпаратты берген жеке және заңды тұлғалардың келiсiмiмен ғана немесе аты-жөнi көрсетiлмей жүргiзiлуi мүмкiн. Басқа мемлекеттiк органдардан алынған жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат ақпаратты ұсынған мемлекеттiк органдардың келiсiмiмен ғана таратылуға жатады. Бастапқы статистикалық ақпаратты таратудың өзге де жағдайлары:
Toggle Dropdown
мемлекеттiк меншiк нысанындағы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар туралы ақпаратқа;
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмнен алынған құпия емес ақпаратқа қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Toggle Dropdown
14-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4 тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Toggle Dropdown
1
15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдарының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентi