"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5191 болып енгізілді.
#$Қолданушылардың назарына Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Осы редакция 25.12.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі;
2) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;
3) жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. "Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Түймебаев
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығымен бекітілген
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі
Бүкіл мәтін бойынша "білім департаментінің директоры" сөздер "білім басқармасының бастығы" сөздермен ауыстырылды ҚР Білім және ғылым министрінің 20.01.2009 № 14 Бұйрығымен. (18.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже)»"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін анықтайды.
2. Осы ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл мұғалімнің жалпы білім беретін бағдарламаға сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;
2) білім алушыларды аралық аттестаттау - оқушының бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейінгі бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.
2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық аттестаттауды өткізудің тәртібі
3. Бастауыш сыныптарда білім алушылар тоқсандық (жарты жылдық) бағаларының негізінде аттестатталады.
1-сынып оқушылары психологиялық-медициналық - педагогтік консультацияның ұсынымдары және ата-аналарының келісімі (немесе өзге де заңды өкілдердің) бойынша қалдырылған оқушыларды қоспағанда қайта оқу жылына қалдырылмайды.
Бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.
4. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары "3", "4", "5" болған білім алушылар көшіріледі.
5. Бастауыш және негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ) білім беру қызметінің сапасын бағалау және білім алушылардың бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген деңгейлерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
6. 2-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушылардың оқу үлгеріміне ағымдағы бақылауды әрбір тақырып пен тарау бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламалық материалдарды меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу пәндерінің мұғалімдері өткізеді.
7. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізіледі. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді.
8. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-cыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі. Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша қайта оқу жылына қалдырылады және білім беру ұйымының бұйрығымен ресімделеді.
9. Кемінде екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысандарындағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылады "3", "4", "5" бағалар алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.
10. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аттестаттауға жатады. Жазғы каникул уақытында осы білім алушыларға пәндер бойынша тиісті оқу тапсырмалары беріледі.
Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады немесе ата-аналарының келісімі (және өзге де заңды өкілдердің) және медициналық - педагогтік консультацияның ұсынымдары бойынша теңестіріп оқытатын сыныптарға ауыстырылады.
3. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі
11. Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:
- ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ);
- жалпы білім беретін пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізіледі.
12. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары оқу орындарына қабылдау Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдірген білім алушылар, жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері үшін қорытынды аттестаттау міндетті түрде ҰБТ нысанында өтеді.
ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер орта мектеп курсы үшін қорытынды аттестаттауды қорытынды емтихан нысанында өткізеді.
Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері өз қалауы бойынша ҰБТ-ны мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсыруы мүмкін.
12-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 20.01.2009 № 14 Бұйрығымен. (18.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
13. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадалардың қатысушылары, жалпы орта білім беретін ұйымдардың халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылары, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың және жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің бітірушілері ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер бойынша қорытынды емтихан нысанында өтеді. Мұндай бітірушілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы (бұдан әрі - Қабылдаудың үлгі ережесі) сәйкес оқуға қабылдана алады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 20.01.2009 № 14 Бұйрығымен. (18.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
14. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды құрамы білім беру ұйымдарының басшыларымен бекітілетін қорытынды емтихандарды өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) өткізеді.
Білім беру ұйымдарының басшысы қалыптастыратын және басқаратын Комиссия құрамына білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, пән мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері кіреді.
Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауы керек.
Комиссия емтихандардың басталуынан бір ай бұрын құрылады.
15. Ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін ұйымдардың жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткер және ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылары пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері ұйымдастырған тәуелсіз комиссияға тапсырады.
Білім беруді басқару органдарының басшысы қалыптастыратын және басқаратын тәуелсіз комиссия пән мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, құқық қорғау органдары мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінен тұрады.
15-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 20.01.2009 № 14 Бұйрығымен. (18.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
16. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушылары қорытынды аттестаттаудан өткізілетін оқу пәндерінің тізбесін және қорытынды емтихандарды өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) белгілейді.
17. Қорытынды аттестаттауға Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушылары жіберіледі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |