Toggle Dropdown
"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 142 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 мамырда № 7627 тіркелді
1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1481) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі бекітілсін.»;
осы бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін:
негізгі мектепте (9-сыныптан кейін – оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;
жалпы орта (бейіндік) мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдірген бітірушілер, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері үшін қорытынды аттестаттау міндетті түрде ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) нысанында өтеді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының, халықаралық мектептердің бітірушілері осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім туралы аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына ауыстыру шкаласы негізінде берілген ҰБТ сертификатын алу арқылы ҰБТ-дан босатылады.
ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер орта мектеп курсы үшін қорытынды аттестаттауды қорытынды емтихан нысанында өткізеді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылар, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың бітірушілері, ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер бойынша қорытынды емтихан нысанында өтеді.»;
15-тармақ алынып тасталсын;
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«80. ҰБТ-ға қатыспайтын республикалық музыкалық мектеп-интернаттар білім алушыларының, негізгі орта білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер республикалық мектеп-интернаттардың 9-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Оқушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - ҚАРК) құрылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын және басқаратын комиссия құрамына пән мұғалімдері, бағынысты ұйымдардың өкілдері қосылады. Комиссия мүшелерінің саны он бес адамнан кем болмауы керек.»;
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Ағымдағы жылғы 20 маусымнан кешіктірілмей жұмыс қорытындысын шығару және «Алтын белгі» белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешім қабылдау жөніндегі ҚАРК-нің соңғы отырысы өткізіледі.»;
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«87. Негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту (бұдан әрі – экстернат нысанында оқыту) оқушылардың негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын өз бетінше меңгеруін, сондай-ақ шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары үшін қашықтан оқытуды қарастырады.»;
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Экстерндер негізгі мектеп курсы үшін негізгі орта білім туралы куәлікте көрсетілген пәндер тізбесі, орта мектеп курсы үшін жалпы орта білім туралы аттестатта көрсетілген пәндер тізбесі бойынша аттестатталады.
Дене тәрбиесі, технология, алғашқы әскери дайындық, музыка, сызу бойынша аттестаттау өткізілмейді, ал білімі туралы құжатта «оқылған жоқ» деген жазу жазылады.»;
Ереже осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М. Сарыбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 4 сәуірдегі
№ 142 бұйрығымен бекітілген
Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды
аттестаттаудың үлгі ережесіне
1-1-қосымша
Жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім туралы аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына ауыстыру шкаласы
№ | Пән | 3 (қанағаттанарлық) | 4 (жақсы) | 5 (өте жақсы) |
1. | Қазақ тілі | 13 | 20 | 25 |
2. | Орыс тілі | 13 | 20 | 25 |
3. | Қазақстан тарихы | 13 | 20 | 25 |
4. | Математика | 14 | 21 | 25 |
5. | Физика | 14 | 21 | 25 |
6. | Химия | 14 | 21 | 25 |
7. | Биология | 13 | 20 | 25 |
8. | География | 13 | 20 | 25 |
9. | Дүниежүзілік тарих | 13 | 20 | 25 |
10. | Қазақ әдебиеті | 13 | 20 | 25 |
11. | Орыс әдебиеті | 13 | 20 | 25 |
12. | Ағылшын тілі | 13 | 20 | 25 |
13. | Неміс тілі | 13 | 20 | 25 |
14. | Француз тілі | 13 | 20 | 25 |
15. | Қазақ тілі орыс мектептеріне арналған | 14 | 21 | 25 |
16. | Орыс тілі қазақ мектептеріне арналған | 14 | 21 | 25 |