• Мое избранное
"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізүдің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізүдің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 360 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 19 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5242 болып енгізілді.

#$Қолданушылардың назарына!Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5191 болып тіркелген, 2008 ж. 30 мамырдағы N 81 (1307) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне  1-қосымша, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаменті (С. М. Өмірбаев):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                           Ж. Түймебаев
                                   Қазақстан Республикасы 
                                 Білім және ғылым министрінің 
                                   2008 жылғы»18 маусымдағы 
                                    N 360 бұйрығына қосымша
                 Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің                        білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын                             білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың                           үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық                           және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне 
                                                    1-қосымша
ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы
 
N
р/с
Пән 2 (қанағат-
танарлық-
сыз)
3 (қанағат-
танарлық)
4 (жақсы) 5 (үздік)
1. Қазақ тілі 0-2 3-13 14-20 21-25
2. Орыс тілі 0-2 3-13 14-20 21-25
3. Қазақстан тарихы 0-2 3-13 14-20 21-25
4. Математика 0-2 3-11 12-19 20-25
5. Физика 0-2 3-11 12-19 20-25
6. Химия 0-2 3-11 12-19 20-25
7. Биология 0-2 3-13 14-20 21-25
8. География 0-2 3-13 14-20 21-25
9. Дүниежүзі тарихы 0-2 3-13 14-20 21-25
10. Қазақ әдебиеті 0-2 3-13 14-20 21-25
11. Орыс әдебиеті 0-2 3-13 14-20 21-25
12. Ағылшын тілі 0-2 3-13 14-20 21-25
13. Неміс тілі 0-2 3-13 14-20 21-25
14. Француз тілі 0-2 3-13 14-20 21-25
15. Қазақ тілі орыс
мектептеріне
арналған
0-2 3-11 12-17 18-25
16. Орыс тілі қазақ
мектептеріне
арналған
0-2 3-11 12-17 18-25