1. Қоса беріліп отырған 2008-2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Отправить по почте
Осы редакция 18.02.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
2008-2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1260 Қаулысы
"Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығын іске асыру және Қазақстан Республикасы халқының арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жандандыру және жетілдіру үшін бірыңғай жүйені құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған 2008-2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар мен Бағдарламаның іске асырылуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға мен 25 шілдеге жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1260 қаулысымен бекітілген
2008-2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасы
Астана, 2007 жыл
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
7. Күтілетін нәтижелер
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның 2008-2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір атауы салты" бағдарламасы
Әзірлеу үшін "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму негіздемесі стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310
Жарлығының 137-тармағы, "Мемлекет басшысының
2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысының 118-тармағы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К.Мәсімовтың 2007 жылғы 2 маусымдағы N
20-18/003-612 2-т. тапсырмасы
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Мақсаты Халықты сауықтыру және орташа өмір сүру ұзақтығын ұлғайту
Міндеттері Халықтың денсаулығын нығайтуға, денсаулығының әлеуетін дамытуға, іске асыру және дамыту үшін халықтың салауатты өмір салтына, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу
Іске асыру 2008-2016 жылдар:
мерзімдері Бірінші кезең: 2008 - 2010 жылдар
Екінші кезең: 2011 - 2013 жылдар
Үшінші кезең: 2014-2016 жылдар
Қажетті 2008-2010 жылдары бағдарламаны іске асыруға ресурстар мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржыландыру қаражаттары, сондай-ақ Қазақстан көздері Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат бағытталатын болады.
2008-2010 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттің жалпы шығындары 2 409737,6 мың теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 219015,6 мың теңгені, жергілікті бюджеттерден 2190722,0 мың теңгені құрайды.
Өңірлердің денсаулық сақтау бюджетін 2009 жылы 1%, 2014 жылы 2% және 2016 жылы 3% жеткізе отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларды қаржыландыру көлемін кезең-кезеңмен ұлғайту көзделуде.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланады.
Жылдар (мың теңге) | Барлығы (мың теңге) | Республикалық бюджет (мың теңге) | Жергілікті бюджет (мың теңге) |
2008ж. | 751959,0 | 67663,0 | 684296,0 |
2009ж. | 817158,2 | 72871,2 | 744287,0 |
2010ж. | 840620,4 | 78481,4 | 762139,0 |
Күтілетін Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде нәтижелер мыналарға қол жеткізілетін болады:
орташа өмір сүру ұзақтығының деңгейін 71,3 жасқа дейін арттыру;
халық арасында темекі шегу қолдануды 16,8%
-ға дейін қысқарту;
қауіпті мөлшерлерде алкогольді тұтынуды 12,5% қысқарту;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |