• Мое избранное
Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 36 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5603 болып енгізілді.

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.02.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 30-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
  • 1
1. Мыналар бекітілсін: 
1) Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарты (1-қосымша); 
2) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарты (2-қосымша); 
3) Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарты (3-қосымша). 
2. Осы қаулы, оны бірінші рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таралады. 
3. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын. 
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева): 
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін. 
5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым                               Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының 2009 жылғы 27
 ақпандағы N 36 қаулысына
 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.03.2010 № 50, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24 (27.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).02.2012 № 57 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы ҮЛГІ ШАРТЫ 
____________ қаласы        20__жылғы "__"__________         N_____
Жинақтаушы зейнетақы қоры
___________________________________________________________________ 
 (Жарғыға сәйкес толық және қысқартылған атауы,
___________________________________________________________________ 
              нақты орналасқан жері), 
 бұдан әрі "Қор" деп аталады, _________________(Жарғы немесе сенімхат) және зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға _____ жылғы "____" ______ N___ лицензия негізінде іс-әрекет жасайтын ____________________________________________________________________ 
                       (лауазымы, тегі, аты, ____________________________________________________________________ 
             (бар болса - әкесінің аты)), 
 арқылы бір жағынан және_____________________________________________ 
                                  (тегі, аты, ____________________________________________________________________ 
              (бар болса - әкесінің аты),
____________________________________________________________________ 
туған жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат),
____________________________________________________________________,                           (сериясы, нөмірі) 
 __________________________________ "___"_____________ жылғы берілген,                (кіммен және қашан) 
 N _________ жеке бірегейлендіру нөмірі бар, бұдан әрі "Салымшы (Алушы)" деп аталады, екінші жағынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) мына төмендегілер жайында жасасты:
1. Шарттың мәні 
1. Осы Шартқа сәйкес Салымшы (Алушы) міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы енгізуге міндеттенеді, ал Қор оларды қабылдауға және міндеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шарттың талаптарына сәйкес орындауға міндеттенеді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 
2. Қор:
1) міндетті зейнетақы жарналарын қабылдауға;
       2) Салымшыға (Алушыға) № ________________ жеке зейнетақы шотын ашуға;
3) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын тек уәкілетті кастодиан банкте қалыптастыруға және сақтауға;
4) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты мен оған жасалған төлемдерінің жеке есебін жүргізуді жүзеге асыруға;
5) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатына инвестициялық кірісті есептеуге;
6) Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға;
7) күнтізбелік жылдың аяғына есептелетін Қордың зейнетақы активтері бойынша номиналды кіріс көрсеткіші мен кірістіліктің барынша төмен мәнінің арасындағы айырманы Қордың меншікті капиталы есебінен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 4 тармағында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) белгіленген тәртіппен қалпына келтіруді;
8) Салымшыға (Алушыға) жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күніне, ақы алмастан, оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Заңның 50-бабында көзделген талаптарды ескере отырып, Салымшымен (Алушымен) келісім бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;
9) осы Шартты жасау кезінде, сондай-ақ сұрату бойынша Салымшыға (Алушыға) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымның және Қордың зейнетақы активтерінің есебін жүргізуді және сақталуын жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы және нақты орналасқан жері, сондай-ақ олардың акционерлері туралы және Қордың акционерлері туралы мәліметтерді осы Шарттың 5-тармағында белгіленген көлемде ұсынуға;
10) осы Шартты жасау кезінде Салымшыны (Алушыны) Қордың зейнетақы ережелерімен таныстыруға;
11) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу мәселелері және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметі бойынша оған ақысыз консультациялық қызметтер көрсетуге;
12) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Салымшының (Алушының) мүдделерін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, оның ішінде Қордың өткен жылғы номиналды кірістілігі көрсеткішінің мәні туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының және кастодиан банктің ауысқаны туралы ақпаратты, сондай-ақ Қордың зейнетақы ережесіне енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беруге;