Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6219 болып енгізілді
Осы редакция 15.07.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру (бұдан әрi - Заңдар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарын (бұдан әрi - Заңдар) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сәйкестендiру нөмiрлерi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.
3. Заң департаментi (Н.В. Сәрсенова):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына, «Қазақстан депозиттерге кепiлдiк беру қоры», «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлiмет үшiн жiберсiн.
4. Агенттiк Төрайымының қызметi (А.А. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) «Кредиттік тіркелім» және «Екінші деңгейдегі банктерден алынған есепті-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін пысықтауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 29 наурыздағы № 50
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық
актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн
өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесi
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ережені бекіту жөнінде» 2000 жылғы 24 мамырдағы № 243 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1180 тiркелген):
осы қаулымен бекiтiлген Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ережесiнде:
7-1-тармақта «мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәліктің және статистикалық карточканың көшірмесін» деген сөздер «мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының « Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2124 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiнде:
1-қосымшасының 4 реттік нөмірі, жолдың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бизнес – сәйкестендіру нөмірі».
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 27 қазандағы № 382 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2574 тiркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2004 жылғы 23 қаңтарда № 14-15 (23653) және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде жарияланған, 2004 жыл, № 1-4, 908-құжат):
Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесiнде:
«Кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеуi __________________» алынып тасталсын.
4. Агенттiк Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 153 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2953 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде 2005 жылғы маусымда жарияланған, № 15, 105-құжат):
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебiн жүргiзу ережесiнде:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке сәйкестендiру нөмiрi;».
5. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 329 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3348 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесінде:
31-қосымшасының 6 реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:
6 | Бизнес – сәйкестендіру нөмірі | |
6. Агенттік Басқармасының «Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға мiндеттi түрде сату ережесiн бекiту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3576 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2005 жылғы 2 қыркүйекте № 96-97 (721) жарияланған):
осы қаулымен бекiтiлген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға мiндеттi түрде сату ережесiнде:
16-тармақтың бірінші бөлігінде «статистикалық карточканың және» деген сөздер алынып тасталсын.
7. Агенттiк Басқармасының «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есептi бекiту туралы» 2005 жылғы 30 шiлдедегi № 268 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3832 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есептi бекiту туралы ережесінде:
» деген баған алынып тасталсын.
8. Агенттiк Басқармасының «Мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшiн жою қорытындылары жөнiндегi ереженi бекiту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3822 тiркелген):
Мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшiн жою қорытындылары жөнiндегi ережесінде: