«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 224 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 қыркүйекте № 7908 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төраға __________ Ә.А. Смайылов
2012 жылғы 16 тамыз
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 224 қаулысының қосымшасы
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2124 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 29 мамырдағы № 162 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2384 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының «Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы» нұсқаулықты бекіту жөнінде» 1996 жылғы 22 қазандағы № 118 қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 116 және 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 55 біріккен қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2854 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2009 жылғы мамырда № 117-118 (24427-24428) жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 28 мамырдағы № 164 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 415 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3988 тіркелген).
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 76 қаулысының Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4670 тіркелген).
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 173 қаулысының Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4848 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы қыркүйекте № 135 (1338) жарияланған).
8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 166 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5402 тіркелген).
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5569 тіркелген).
10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 26 мамырдағы № 101 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5705 тіркелген).
11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 2 қарашадағы № 230 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5879 тіркелген).
12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 9 қаулысының Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6099 тіркелген).
13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысының Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 14, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы қыркүйекте № 253-254 (26314-26315) жарияланған).
14. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 60 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6286 тіркелген).
15. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйекте № 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539 тіркелген).
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 224 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерді ұсыну қағидалары
Осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы » 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы » 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерді ұсыну тәртiбiн, нысанын және мерзiмдерiн айқындайды.
1. Осы Қағидалардың мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) басшы - Ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы болып табылатын тұлға немесе Қағидаларда көзделген есептерге қол қоюға құқығы бар Ұйымның атқарушы органының мүшесі болып табылатын тұлға;
2) Ұйым – Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым.
2. Қағидалар барлық Ұйымдарға, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметі қаржы нарығындағы қызметтің басқа түрімен қоса атқаратын Ұйымға қолданылады.
3. Ұйымдар уәкілетті органға есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей - Қағидалардың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жасалған есептердің нысандарын қамтитын есептілігін электрондық нысанда ұсынады.
4. Ұйымдар уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден - Қағидалардың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес жасалған есептердің нысандарын қамтитын есептілігін электрондық нысанда ұсынады.
5. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органға Қағидалардың 3, 6, 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес жасалған есептердің нысандарын қамтитын есептілігін ұсынбайды.
6. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктер Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес жасалған есепті уәкілетті органға ұсынбайды
7. Номиналды ұстаушы ретінде шоттарды жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар уәкiлеттi органға есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден - Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес жасалған есепті электрондық нысанда қосымша ұсынады.
8. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған ұйымдар уәкiлеттi органға есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден - Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес жасалған есепті электрондық нысанда қосымша ұсынады.
9. Ұйым электрондық нысанда жасалған есептілікті ұсынылатын электрондық тасымалдауышта деректердiң конфиденциалдылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзудiң тасымалдау жүйесін пайдалана отырып жібереді.
10. Қағаз тасымалдауыштағы есептілікке басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және орындаушысы қол қояды, мөрімен куәландырады және Ұйымда сақталады. Уәкілетті органның талабы бойынша Ұйым уәкілетті органға сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей есептілікті қағаз тасымалдауышта ұсынады.
11. Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын деректердің уәкілетті органның талабы бойынша қағаз тасымалдауышта ұсынылған деректерге сәйкестігін Ұйымның басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтер (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) қамтамасыз етеді.
12. Ұсынылатын есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде Ұйым есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш береді.
13. Ұйым ұсынған есептіліктен толық емес және (немесе) шынайы емес ақпарат анықталған кезде, уәкілетті орган толық емес және (немесе) дәйексіз емес ақпаратты анықтаған күннен бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде бұл туралы Ұйымға жазбаша хабарлайды. Уәкілетті органның лерін ескере отырып пысықталған есептілікті уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынады.
14. Ұйымның есептерін қараған кезде уәкілетті орган Ұйымнан есептерде көрсетілген ақпаратты тексеру үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды жазбаша сұратады.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерді ұсыну қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |