• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3870

Осы редакция 22.08.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 782 тіркелген, 1999 жылы "Рынок ценных бумаг Казахстана" N 8 журналында жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2397 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3400 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3571 тіркелген) енгізілген өзгерістермен бірге) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі 
Төраға
31 тамыз 2005 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2005 жылғы 27 тамыздағы
 N 317 қаулысына N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында  
  Брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесі 
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне, " Бағалы қағаздар рыногы туралы ", "Қазақстан Республикасындағы   банктер және банк қызметі  туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру (бұдан әрі - брокерлік және дилерлік қызмет) талаптары мен тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер 
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде, брокерлік және дилерлік қызмет брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына, брокер және (немесе) дилер мен олардың клиенттерінің арасында жасалған брокерлік қызмет көрсету жөніндегі шарттарға және егер олар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңнамаға қайшы келмесе, дәстүрлерге (оның ішінде іскерлік айналыс дәстүрлеріне) сәйкес жүзеге асырылады. 
: 1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 111 қаулыcымен.(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Ереженің қолданылуы Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттейтін заңнамасына қайшы келмейтін бөлікте, брокер және (немесе) дилерлер болып табылмайтын банктерге таралады.
3. Брокер және (немесе) дилер брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға  лицензиялардың  мынадай түрлерінің бірін иелене алады: 
1) бірінші санатты лицензия - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен (бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу құқығымен); 
2) екінші санатты лицензия - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу құқығынсыз).
4. Бірінші санатты лицензияны иеленген брокер және (немесе) дилер осы Ережеде бірінші санатты брокер және (немесе) дилер, екінші санатты лицензияны иеленген - екінші санатты брокер және (немесе) дилер деп аталады.
2-тарау. Брокер және (немесе) дилердің ұйымдық  
  құрылымы және қызметкерлерінің біліктілігі 
5. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс: 
1) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан әрі - сауда бөлімшесі); 
2) қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалуын, қаржы құралдарын және осы брокер және (немесе) дилердің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлімшесі (бұдан әрі - бэк-офис).
6. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің бірінші басшысы немесе оның брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға жетекшілік жасайтын орынбасары лауазымын осы брокер және (немесе) дилердің бөлімшелері біреуінің басшысы лауазымымен қоса атқаруға рұқсат етіледі. Бэк-офис құзыретіне жататын функциялар мен міндеттерді сауда бөлімшесінің қызметкерлеріне жүзеге асыруға, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің бір бөлімше қызметкерлерінің құқықтары мен құзыреттерін басқа бөлімше қызметкерлеріне беруге (табыстауға) жол берілмейді. 
: 6-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 111 қаулыcымен.(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
7. Осы Ереженің  63-тармағы  негізінде банктік және өзге операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымына, банктік және өзге операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыру жөніндегі бөлімше кіруі тиіс.
8. Екінші санатты брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымын олар Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларына және осы брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес дербес түрде айқындайды.
9.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды
: 9-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 111 қаулыcымен.(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
10. Брокер және (немесе) дилер өз клиенттерінің алдында олар үшін осы брокер және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға кіру жөніндегі және/немесе осындай қатынастарды ұстап тұру жөніндегі ниеттер бөлігіндегі елеулі мәні бар ақпаратты осы Ереженің 11-15 тармақтарымен белгіленген тәртіпте ашады.
11. Брокер және (немесе) дилердің бас офисінің және филиалдарының үй-жайларындағы оның клиенттері үшін қолайлы орындарда: 
1) осы брокер және (немесе) дилерге брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
2) осы Ереженің 12-тармағына сәйкес, брокер және (немесе) дилер клиенттің алғашқы талабы бойынша оған танысуға ұсынатын құжаттардың тізбесі.
12. Брокер және (немесе) дилер клиенттің алғашқы талабы бойынша оған танысу үшін: 
1) соңғы есепті кезең үшін өзінің қаржылық есебін; 
2) пруденциалдық нормативтерді осы брокер және (немесе) дилердің сақтау деңгейі туралы мәліметтерді; 
3) осы брокер және (немесе) дилердің және оның қызметкерлерінің қызметіне қатысты қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) қолданған санкциялар туралы мәліметтерді; 
4) өзін-өзі реттейтін ұйымның және сауда-саттықты ұйымдастырушының осы брокер және (немесе) дилерге, оның қызметкерлеріне қатысты соңғы он екі ай ішінде қабылдаған шешімдерін; 
5) брокерлік және дилерлік қызметтің жүзеге асырылуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді тіркеудің шарттары мен тәртібін, брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттары. 
: 12-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 111 қаулыcымен.(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
13. Брокер және (немесе) дилер клиентке осы ереженің 12-тармағында көрсетілген құжаттардың соңғы көшірмелерін беруден бас тартуға құқылы емес. Брокер және (немесе) дилер көшірмелерді бергені үшін оларды дайындауға кеткен шығынның мөлшерінен аспайтын мөлшерде клиенттен ақы алуға құқылы.
14. Брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен осы клиенттің есебінен және мүддесінде жасауға болжанған мәмілеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген шектеулер мен ерекше жағдайлар туралы клиентке хабарлайды. 
Қаржы құралдарымен осы клиенттің есебінен және мүддесінде жасауға болжанған мәмілеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулер мен ерекше жағдайлар туралы клиентті хабарландырудың жазбаша түрде ресімделуі, брокер және (немесе) дилердің жіберілетін құжаттар журналында тіркелуі және почта және/немесе қолына тапсырып және/немесе электронды почта, және/немесе факсимильдік және/немесе телекстік және/немесе телеграфтық хабарлау арқылы немесе мұндай хабарландыруды жөнелту негіздері туындаған күннен бастап байланыстың өзге түрлері арқылы жіберілуі тиіс.