• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3870

Атауына өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 22.08.2008 № 130 Қаулысымен (28.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Осы редакция 24.02.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 22.08.2008 № 130 Қаулысымен (28.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі 
Төраға
31 тамыз 2005 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2005 жылғы 27 тамыздағы
 N 317 қаулысына N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында 
 Брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесі 
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру (бұдан әрі - брокерлік және дилерлік қызмет) талаптары мен тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер 
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде, брокерлік және дилерлік қызмет брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына, брокер және (немесе) дилер мен олардың клиенттерінің арасында жасалған брокерлік қызмет көрсету жөніндегі шарттарға және егер олар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңнамаға қайшы келмесе, дәстүрлерге (оның ішінде іскерлік айналыс дәстүрлеріне) сәйкес жүзеге асырылады.
: 1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 111 қаулыcымен.(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Ереженің қолданылуы мыналарға таралады:
1) банктік қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын банктерге;
2) зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 05.08.2009. № 190 (27.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
3. Брокер және (немесе) дилер брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың мынадай түрлерінің бірін иелене алады: 
1) бірінші санатты лицензия - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен (бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу құқығымен); 
2) екінші санатты лицензия - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу құқығынсыз).
4. Бірінші санатты лицензияны иеленген брокер және (немесе) дилер осы Ережеде бірінші санатты брокер және (немесе) дилер, екінші санатты лицензияны иеленген - екінші санатты брокер және (немесе) дилер деп аталады. 
4-1. Осы Ереженің мақсаттары үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) "Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағаларынан өзге сондай-ақ "Moody's Investors Service" пен "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер ) рейтингтік бағаларын таниды. 
4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 22.08.2008 № 130, өзгертілді - 05 (28.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).08.2009. № 190 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
4-2. Брокер және (немесе) дилер жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді. 
Брокер және (немесе) дилер аудит жүргізілгенде, аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) береді. 
4-2-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.10.2008 № 168 Қаулысымен.
4-3. Ұйымдастырушылық-құқықтық акционерлік қоғамы нысанда құрылған б рокер және (немесе) дилер аффилирленген тұлғалардың есебін жүргізеді. 
Басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған б рокер және (немесе) дилер мына тұлғаларды есепке алады: 
1) қатысушыларды; 
2) қатысушы не б рокер және (немесе) дилердің атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, ұлы, қызы), некеде тұрғандарды, сондай-ақ жекжаттары болатын (ерінің (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі, ата-анасы, ұлы немесе қызы) жеке тұлғаларды; 
3) брокер және (немесе) дилердің атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшелерін; 
4) осы тармақтың 1), 5)-9) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының, бақылау кеңесінің мүшелерін; 
5) брокер және (немесе) дилердің қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлғамен бақыланатын заңды тұлғаларды; 
6) брокер және (немесе) дилердің қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғаларды; 
7) оларға қатысты б рокер және (немесе) дилер ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғаларды; 
8) брокер және (немесе) дилермен бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауындағы заңды тұлғаларды; 
9) брокер және (немесе) дилермен шартпен байланысты тұлғаларды, шартқа сәйкес олар б рокер және (немесе) дилер қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқықтары бар. 
тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.10.2008 № 168 Қаулысымен.
4-4. Брокер және (немесе) дилер осы Ереженің 4-3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды б рокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте есепке алуды жүргізеді. 
4-2-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.10.2008 № 168 Қаулысымен.
4-5. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің электрондық құжаттарымен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты (пароль пайдаланатын) бар брокер және (немесе) дилердің қызметкерлерінің жауапкершілігі белгіленеді.
4-5-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының - 05.08.2009. № 190 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
2-тарау. Брокер және (немесе) дилердің ұйымдық 
 құрылымы және қызметкерлерінің біліктілігі 
5. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс: 
1) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан әрі - сауда бөлімшесі);